«Ақмола облысы білім басқармасының  Бұланды ауданы білім бөлімі Капитоновка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Капитоновка отдела образования по  Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

біз әлеуметтік желілерде

Сенім телефоны

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Сөйле қызыл тіл » тренингі. Мұғалім: Уразбекова Ақмарал Болатқызы Санаты:Педагог –модератор

01.04.2021

Тренинг мақсаты:  Адам баласы күннен күнге дамып, өз –өзін жетілдіруден ешқашан жалықпау керек. Ал мұғалім мамандығының иелері ерекше ықыласпен нақты бағытта өздерінің білімін жаңартып отыруы міндетті деп ойлаймын. 

-Топ алдында тосылмау:

-  Дикция. Дыбыстардың дұрыс айтылуы;

  Ең бірінші тренингті  мынандай сөздермен бастайын ...Біз мейлі ауылдағы ата болсақта, мектептегі мұғалім болсақта, үйде үй шаруасымен отырған ана болсақта, көшеде сатушы, 60 тағы әже  болсақта біз ең алдымен  айтып тұрған сөзімізді, дұрыс сөйлеуімізді дұрыстау керек.  Мұғалім болғаннан кейін біз оқушылармен жұмыс жасауда  іс –әрекетімізге қимылдарымызға аса көңіл бөлу керек .

1.                                                 2.                                        3.

Рисунки

  1. Мысалы мына қимыл топ үстін басып тұр          .
  2. Ал 2-суретте топқа ашық екенің  көрсетіп тұр.
  3.   Бұл адам ақпарат беруін береді бірақ топ алдында жабық,ара –қатынасқа дайын емес екенің көрсетеді.

Бұндай қимылдардың тек бір-нешеуін көрсеттім .яғни бізде осындай қимылдар жасай отырып сабағымыздың дұрыс түсінуін және оқушы ынтасын басып алмауына бізге бұл қимылдар жұмыс жасайды, әрине оларды дұрыс қолдансақ.

Осындай ораторлық қимылдарды дұрыс қолдана отырып топ алдында тосылмай ,қобалжымай ойымызды нақ жеткізуімізге болады.

               Келесі қозғайтын тақырыбым дикция. Дикциямыз жақсы болу үшін, біз үнемі жаттығу жасап отыруымыз  керек.  Артекуляциялық мүшелерді күнделікті жаттықтыру керек.  Дыбыс нақты шығу үшін. Ал келесі артикуляциялық мүшелері ( дыбыстау мүшелеріміз )ол ең маңыздысы жақ,тіл,ерін . жылжымалы мүшелеріміз. Таңдай, көме бұларда маңызды әрине .бірақ осы 3 мүшеге арнап жаттығулар жасап көрсетемін. Қазір сіздерге бірінше тілге арналған жаттығуды көрсетемін . негізі күіне 10 рет жасалатын жаттығу. Алайда уақыттарынызды алмау үшін 3 реттен орындаймыз.

1 Тілді барынша сыртқа шығарып қайта кіргіземіз. 3 рет

2. Тілімізбен тістің сыртың  тазалаймыз. Оңнан солға қарай ,солдан оңға қарай  3 рет

3. Тілімізді тістеп тістеп шығарамыз, тістеп тістеп кіргіземіз. 3 рет

4. Тілімізді оң жақ қапталдағы тістермен  шәнаймыз,кейін сол жақ қапталдағы тістермен шәйнаймыз әрине аузымызды жауып тұрып.3 рет

Тіліміздегі бұлшықеттерді шыңықтырады. Жаңылтпаштарда оқуда жылдам мәнді  оқуға көмектеседі. Ұзын сөздерді айтқанда оңайырақ  болады.

Ернімізді шошайтып алға  шығарамыз үйрек деп те айтады  , кейін артқа қарай  қарай тартамыз. 3 рет

Аузымызды жауып тілімізбен әрбір тістерге жеткізіп, аузымыздағы тістерді санаймыз. Бұл жердегі мақсат тіліміздің ұшын жаттықтыру, ұзақ сөздерді оқуға икемді етеді. Және бұл  жаттығу ернімізге де арналады.

Бірінші Жағымызды барынша ашамыз .Жоғарғы ерін жоғары созылып, төмеңгі ерін төмеңге қарай тартылады. Бұныд а  3-4 рет жасасаныз болады. 

Жағымызды сәл ашынқырап тұрып оң қарай бір бұрып ,сол ға қарай бір  бұрамыз.

 Жағымызды сәл ашыңқырап астыңғы жақты оңға қарай 3 рет ,солға қарай 3 рет айналдырамыз. Осы жаттығулар жасау кезінде кірт кірт еткен дыбыстар естіледі бұл қалыпты жағдай. Жаққа арналған жаттығуларды абайлап жасаймыз.  Жақтарынызға күш түсіп , бір ауырынқырағандай сезілуі мүмкін .бұл тек басы ғана.

Артикуляциялық жаттығулар жасау үшін бізге көмекке қажетті заттар келеді . Олар жаңғақ, маркер қалам ,винонын пробкасы.

Дауысты дыбыстар қажет болады. Олар:  И,Э,А,О,У,Ы

Кез келген дауыссыз дыбыспен тіркестіріп оқимыз. Мысалы: р Ри,Рэ,Ра, Ро,Ру,Ры

2 дауыссыз дыбыспен тіркестіріп айтамыз.ЛМ   : ЛМИ ,ЛМЭ,ЛМА,ЛМО,ЛМУ,ЛМЫ

3 дауыссыз дыбыспен тіркесіп айтып көреміз. ГБДИ,ГБДЭ ,ГБДА,ГБДО,ГБДУ,ГБДЫ

Енді осы дыбстарды айтуда күрделендіреміз ол үшін грек жаңғағын тіліміздің үстіне қойып оқып шығамыз.Қиынырақ болады әрине

Грек жаңғағын Тіліміздің астына салып ГБДИ деген дыбыстарды оқып шығамыз. Менімен бірге жасап отырыныздар.Жасап отырсыздар ма?

2 дана грек жаңғағын алып , екі жағымызға салып аламызда  РЛИ деген дыбыстарды оқып шығамыз.

Осы әріптер топтамасын  маркерді тігінен аузымызға саламызда 3 см мөлшермен оқып шығамыз. «ЛМИ»- деген дыбыстарды оқып шығамыз.

 Келесі жаттығу маркерді жартылай тістеп немесе қалам,қарындашпен ЖЗДРи,  ЖЗДРэ, ЖЗДРА деп оқып шығайық.

Жақтарыныз  шок болып жақан шығар? Кунделікті орындап отырсақ  нәтижеге жетуге болады. Мысалы спортшы белгілі бір жетістікке жету үшін күнделікті  жүйемен денесін шынықтырып жаттығады. Дәл солай дикциямыз жақсы болу үшін осындай жаттығуларды күнделікті орындап отыруымыз қажет. 

 Назарларынызға рахмет !

Просмотров: 401


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст