«Ақмола облысы білім басқармасының  Бұланды ауданы білім бөлімі Капитоновка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Капитоновка отдела образования по  Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

біз әлеуметтік желілерде

Сенім телефоны

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Педагог-психолог

 

Психолог - бұл қазіргі кезде жиі адамдар жолығатын маман.

Бәрі ойдағыдай болып, қолымыздан барлығы келетін жағдайлар таныс шығар. Стресс, абыржу және түңілу кезінде, керісінше күш қайтқан сияқты болады. Бірақ, олай емес. Күш бар, алайда оны қалай ояту керек? Жиі кезде қиын жағдайдың шешімі бар болса да, біз оны қабылдамаймыз.Кейбір кезде шешім қабылдау қиынға соқтырады.

Психолог көмектеседі:

  • Дағдарыс жағдайлардан шығу жолдарын үйрену
  • Өз күшіне сену
  • Ішкірезервтерін табу
  • Депрессиядан шығу
  • Таңдаулардың кемшіліктерін және артықшылықтарын ұғып алу.

Осы және басқа проблемалар әр адамның өмірінде кездеседі. Кейбір кезде көптеген маңызды сұрақтарға тез арада жауап таба алмаймыз. Ойлануға уақыт аз болса немесе әрі қарай қалай болу керектігін түсіне алмаған жағдайда не істеу керек? Осы жағдайда психологке жүгіну – іс-әрекеттің тиімді варианттарының бірі. 

Психологке қашан барады?

Себептері әр түрлі:

  • Өзіне қанағаттанбауы
  • Депрессия
  • Жақын адамдармен өзара түсінушіліктің болмауы(балалар мен ата-аналар, бойжеткен мен бозбала)
  • Бөлініп кетуі немесе ата-аналардың ажырасуы
  • Оқушылар және мұғалімдер арасындағы проблемалар
  • Оқудағы қиындықтар
  • Өзінің«Мен» іздеуі.
  • Түрлі жанжал жағдайлары
    ... және тағы басқалар.

Кейбір кезде жағдайларға шындықпен қарай алмаймыз. Қарапайым жағдай болса да,  бөтен кісі жаңаша қабылдайды. Көмегі қажет ететіндерге психолог өз көмегін ұсынып отыр. 

Саған қайғылы ма? Тұйықталып қалма!
Сенетін үлкен кісімен сөйлес!

2022-2023 оқу жылына "Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің Капитоновка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ-ндегі

педагог-психологтың

 жұмыс циклограммасы

Жұма күндері

Қызмет түрлері

 

 

Дүйсенбі

Кеңес беруге, тренингтерге, сабақтарға дайындық

Психодиагностика, бақылау  

практикалық психокоррекциялық сабақтар (жеке, топтық 10, 11 сыныптар)

Тіркеу журналына жазу

 

 

Сейсенбі

Кеңес беру (топтық)

Кеңес беруге, тренингтерге, сабақтарға дайындық

Профилактикалық, түзету-дамыту сабақтары (топтық, 5-9 сыныптар)

Тіркеу журналына жазу

 

 

 

Сәрсенбі

Сабаққа қатысу, бақылау

Кеңес беруге, тренингтерге, сабақтарға дайындық

Түзету-дамыту сабақтары (жеке)

Түзету-дамыту сабақтары (топтық, 1-4 сыныптар)

Запись в регистрационный журнал

Тіркеу журналына жазу

 

 

Бейсенбі

Топтық диагностика

Нәтижелерді өңдеу

9,11 сынып оқушыларымен қорытынды аттестаттауға дайындық бойынша сабақ

Профилактикалық сабақтар (жоспар бойынша)

Тіркеу журналына жазу

 

 

Жұма

Диагностика нәтижелерін өңдеу

Психотренингтер (сұрау бойынша)

Оқушыларға кеңес беру (жеке) (сұраныс бойынша)

 

 

 

Сенбі

Құжаттарды рәсімдеу

Педагогтерге кеңес беру (жеке)

Кабинетті безендіру

Ата-аналарға кеңес беру (жеке, топтық). Психологиялық ағарту

2022-2023 оқу жылына "Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің Капитоновка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ- ндегі

педагог-психологтың

уақыт бөлу кестесі


Қызмет түрлері

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

ЖИЫНЫ:

Диагностикалық жұмыс

1

 

 

1

 

 

2

Кеңес беру жұмысы

 

1

 

1

 

 

2

Түзету – дамыту жұмысы

 

 

1

 

 

 

1

Профилактикалық жұмыс

 

1

 

 

 

 

1

Ағарту жұмыстары

 

 

 

 

 

1

1

Сұрау бойынша

 

 

1

 

 

 

1

Сабаққа қатысу

 

 

1

 

 

 

1

Ұйымдастыру – әдістемелік жұмыс

2

1

 

1

3

2

9

Жиыны:

3 сағат

3 сағат

3 сағат   

3 сағат

3 сағат

3 сағат

18 сағат

Мектептің психологиялық қызметінің мақсаты:
білім алушылардың психикалық дамуын үйлестіру, табысты әлеуметтенуді қамтамасыз ету, денсаулықты сақтау және нығайту, балалар мен жасөспірімдердің құқықтарын қорғау, олардың дамуы мен мінез-құлқындағы ауытқулардың алдын алу арқылы "Капитоновка ауылының  ЖОББМ" КММ қызметінің тиімділігін арттыру.
 
Педагог-психологтың негізгі міндеттері
- оқыту мен тәрбиелеу процесінде жеке және сараланған тәсілді ұйымдастыру мақсатында білім алушылар мен оқушылар ұжымдарының жеке басын зерделеу;
- әлеуметтік қауіпті жағдайға тап болған балалар мен жасөспірімдерді уақтылы анықтау, бейімделгіш әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру үшін жағдай жасауға жәрдемдесу; отбасылық қолайсыздықтың алдын алу;
- білім алушылардың, педагогтардың және ата-аналардың табысты білім алу, тәрбиелеу және дамыту үшін қажетті психологиялық білім, білік, дағдыларды игеруіне жәрдемдесу;
-мектепте қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуалды қалыптастыруға мақсатты ықпал ету, Педагог-психолог қызметінің бағыттары
1. Психодиагностикалық жұмыс.
2. Түзету және дамыту жұмыстары.
3. Психопрофилактикалық жұмыс.
4. Консультациялық жұмыс. 
5. Психологиялық білім.Мектеп психологының функцияларына мыналар кіреді: психологиялық диагностика; түзету жұмыстары; ата-аналар мен мұғалімдерге кеңес беру; психологиялық білім беру; педагогикалық кеңестер мен ата-аналар жиналыстарына қатысу; бірінші сынып оқушыларын қабылдауға қатысу; психологиялық профилактика.

Психологиялық диагностика арнайы әдістердің көмегімен оқушыларға фронтальды (топтық) және жеке тексерулер жүргізуді қамтиды. Диагностика мұғалімдердің немесе ата-аналардың алдын-ала сұранысы бойынша, сондай-ақ зерттеу немесе алдын-алу мақсатында психологтың бастамасымен жүзеге асырылады.Түзету сабақтары жеке және топтық болуы мүмкін. Олардың барысында психолог баланың психикалық дамуының жағымсыз ерекшеліктерін түзетуге тырысады. Бұл сабақтар танымдық процестерді дамытуға (есте сақтау, зейін, ойлау), сондай-ақ эмоционалды-ерікті саладағы, қарым-қатынас саласындағы мәселелерді шешуге және оқушылардың өзін-өзі бағалау мәселелеріне бағытталуы мүмкін.

Ата — аналар мен мұғалімдерге кеңес беру-бұл белгілі бір сұраныс бойынша жұмыс. Психолог ата-аналарды немесе мұғалімдерді диагностика нәтижелерімен таныстырады, белгілі бір болжам жасайды, оқушының болашақта оқуда және қарым-қатынаста қандай қиындықтар туындауы мүмкін екендігі туралы ескертеді; сонымен бірге туындаған мәселелерді шешу және оқушымен өзара әрекеттесу бойынша ұсыныстар бірлесіп жасалады.

Психологиялық ағарту-мұғалімдер мен ата-аналарды баланың қолайлы психикалық дамуының негізгі заңдылықтары мен шарттарымен таныстыру. Ол педагогикалық кеңесте кеңес беру, сөз сөйлеу барысында жүзеге асырылады

 

 

Қосымшалар:

Жаңартылған күні: 06.03.2019 00:37
Құрылған күні: 19.12.2024 14:51

Текст