13.03.2025
«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің Капитоновка ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсетеді –1 СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер ағымдағы жылдың 1 сәуірі сағат 9:00-ден 2025 жылғы 31 тамызға дейін қабылданады.
Білім беру ұйымы ағымдағы күнтізбелік жылда алты жастағы балаларды және алты жасқа толған балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді. Құжаттар тізімі :
1 Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (сәйкестендіру үшін қажет)
2 фотосурет 3x4 см 3х4 см өлшемдегі баланың суреті
3 № 065/у нысаны № 065/у нысанындағы медициналық анықтамалар «Профилактикалық егулер картасы
4 № 052-2/у нысаны
№ 052-2/у «Бала денсаулығы паспорты» нысанындағы медициналық анықтамалар
5 ПМПК қорытындысы (қажет болған жағдайда)
Сонымен қатар, педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы (ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін)