Текст
07.11.2025
Педагог-психологтың жұмыс жоспарына сәйкес 3 "Б" сынып оқушыларымен "барлық мамандықтар маңызды, барлық мамандықтар қажет"тақырыбында іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты-балалардың кәсіптердің алуан түрлілігі туралы білімдерін кеңейту, ересектердің еңбегіне құрметпен қарауды қалыптастыру және әрбір кәсіптің қоғам өміріндегі маңыздылығын түсіну.
Сабақ барысында оқушылар түрлі мамандықтармен танысты, талқылауға белсенді қатысты, жұмбақтар шешті, ойын тапсырмаларын орындады және болашақ туралы армандарымен бөлісті, жұмыс парағы бойынша тапсырмаларды орындады. Балалар қызығушылықпен кім болғысы келетінін айтып, неге осы немесе басқа мамандықты таңдағанын түсіндірді.
Іс-шара жағымды және мейірімді атмосферада өтті, танымдық қызығушылықтың дамуына, еңбекқорлықтың қалыптасуына және әртүрлі мамандықтағы адамдарға құрмет көрсетуге ықпал етті.