Текст
12.11.2025
Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күні қарсаңында 7 «Б» сыныбында еліміздің экономикалық тәуелсіздігінің символы — теңгенің тарихы мен мәніне арналған сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушылардың мемлекеттік рәміздер мен қаржылық мәдениетке деген құрметін қалыптастыру, теңгені енгізу тарихы туралы білімдерін кеңейту. Балалар әңгімеге белсенді қатысты, викторина сұрақтарына жауап берді, жұмыс парақтарын толтырды және алғашқы Қазақстандық банкноттар туралы қызықты фактілерді талқылады. Сабақ танымдық өтті, оқушыларға теңгенің Қазақстан Республикасы Егемендігінің нышандарының бірі ретіндегі маңызын түсінуге көмектесті.