Сабақтың тақырыбы: «Қазақстанның байлықтары»
Пәні: Химия, география
Сабақтың мақсаты:
Химия, география пәндеріне қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Интерактивті тақта, карта, дайын қиылған қаңылтыр материалдар, Менделеев кестесі, құрал-жабдықтар.
Сабақтың әдісі: Оқушылардың білім деңгейін көтеру, жетілдіру, белсенділіктерін арттыру.
Пәнаралық байланыс: химия, география
Сабақтың өтілу барысы:
Сайыстың шарттарымен таныстыру:
Құрметті әділқазылар, ұстаздар, сайыскерлер «Қазақстанның байлықтары» атты сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл сайысымызға 7,8,9,11 сыныптардан 2 топ қатысқалы отыр. Олар: «Сұңқар», «Болашақ»
Сайыс сабағымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.
Сайыс шарттары 4 кезеңнен тұрады:
1. «Сұрақ жауап «Иә-жоқ»»
(сандықтан алынған сұрақтарға иә- жоқ жауап береді) (7 минут)
2. «Қазақстанның пайдалы қазба картасы»
(Қазақстан картасында берілген пайдалы қазбаларды өндіретін аймақтарға орналастырады) (6 минут)
3. «Тарсия ойыны»
(берілген бөлшектерді дұрыс орналастырып фигураны құрастырады) (10 минут)
4.. «Постер» (5 минут)
(Әр топ мәліметтерді пайдаланып, постер жасайды.Жасаған постерді қорғайды)
I. Шарт: «Сұрақ жауап «Иә-жоқ»»
Әр топқа арналған 10 сұрақтан беріледі (5 сұрақ химия, 5 сұрақ география пәнінен) барлық сұрақтарға 10 ұпай беріледі.
химия
1.Атомдардың электрондар тарту қабілеті электртерістік деп аталады (ия)
2. Электртерістіктері бірдей атомдар арасында коваленттік полюссіз химиялық байланыс түзіледі (ия)
3. Натрий хлориді коваленттік полюссіз байланысы бар затқа жатады (жоқ)
4. Электрондарды қосып алатын атомдар тотықтырғыштар деп аталады (ия)
5. Оң зарядты иондар аниондар деп аталады (жоқ)
6.Сутек молекуласының арасында коваленттік полюсті байланыс бар (жоқ)
7. Қарама - қарсы зарядталған иондар арасындағы байланыс сутектік байланыс деп аталады (жоқ)
8. Иондық кристалл тор түйіндерінде атомдар орналасқан (жоқ)
9. Электрондар беру процесі тотықсыздану деп аталады (жоқ)
10.Химиялық байланыстардың коваленттік және иондық типтері болады (ия)
география
1.Биіктен құлап ағатын суды гейзер деп атайды. (жоқ)
2.Қазақстан Республикасы қоңыржай климаттық белдеуде орналасқан. (иә)
3.Іле өзені Балқаш көліне құяды. (иә)
4.Дүниежүзіндегі ең үлкен шөл – Гоби шөлі. (жоқ)
5.Ертіс өзені Солтүстік Мұзды мұхит алабына жатады. (иә)
6.Таулар биіктігіне байланысты 3-ке бөлінеді. (иә)
7.Астана қаласы Ертіс өзені бойында орналасқан. (жоқ)
8.Орал тауының Қазақстандағы жалғасын Сарыарқа деп атайды. (жоқ)
9.Дүние жүзін тұңғыш айналып шыққан саяхатшы Ф.Магеллан. (иә)
10.Қазақстан Республикасы жер көлемі бойынша дүние жүзінде 9-орын алады. (иә)
II. Шарт: «Қазақстанның пайдалы қазба картасы»
Қазақстан картасында берілген пайдалы қазбаларды өндіретін аймақтарға орналастырады
Солтүстік Қазақстан - Темір
Шығыс Қазақстан - Қорғасын, Алтын
Батыс Қазақстан- Ас тұзы, Мұнай газ,Хром
Оңтүстік Қазақстан- Фосфорит
Орталық Қазақстан- Көмір, Мыс , Марганец
III. Шарт: Тарсия ойыны
Берілген бөлшектерді дұрыс орналастырып фигураны құрастырады
IV. «Постер»
Әр топ мәліметтерді пайдаланып, постер жасайды.Жасаған постерді қорғайды
Қорытынды бөлім Сайыстың қорытындысын шығару; Әділ қазыларға сөз беру; Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау