ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС
Міндеттері:
· Баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамыту, оны қоғамда өмір сүруге психологиялық тұрғыдан дайындау
· Балалардың кәсіби және жеке даралық қабілетін анықтай алуына психологиялық –педагогикалық көмек көрсету
Мақсаты : Балалардың дарындылық қабілетін анықтай отырып,жас ерекшеліктеріне байланысты жұмыс жасау. Баламен жеке сыйластық және сенімді қарым-қатынас орнату
Болжап отырған нәтиже: Оқу бағдарламасына сай білімді терең меңгерген, жеке шығармашылық қабілеті дамыған, ұлттық сана сезімі жетілген және ішкі жан дүниесін тануға, өзін өзгелермен салыстыра алатын, іс-әрекетке талдау жасай алатын, жоспарлау мүмкіндігі қалаптасқан тұлға
Дарындылық анықтамасы:
· Іс-әрекеттің сәтті орындалуын қамтамасыз ететін қабілеттік істің өзара сәйкестік сапалығын айтады
· Іс-әрекеттің жағдайдағы ерекшелігі, кеңінен қамтылған адам мүмкіндігі.
· Ақылдың потенциалы немесе интеллект. Оқуға, білімге жалпы танымдық мүмкіндіктер және қабілеті
· Баланың табиғаты арқылы дамыған қабілет туралы
· Таланттылық және адамгершілігінің жоғары жетістіктерге жеткізетін іс-шаралар
Дарынды баланың сипаттамасы:
· Интелектуалды сферасы
· Білімділік өрісі
· Ойлау қабілеті ерекшесі тұрақты, қызығуы мол, кейде бір іспен айналысса тоқтай аламайды, өз ойын ерте жеткізеді