Тақырыбы: «Дара және Күрделі етістік»
Мақсаты: Оқушылардың зат есім мен етістіктің түрлерін ажырата білуге үйрету, білімді, жан -жақты болуға, дара және күрелі етістіктің айырмашылықтарын үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, интерактивті тақта, суреттер.
Барысы:
1.Психологиялық ахуал қалыптастыру
«Шаттық шеңбер»
Оқушылар ортаға келіп дөңгеленіп,қолдарын ұстап бір-біріне бүгінгі сабаққа жылы тілектерін айтады.
Дара және күрделі етістік болып топқа отырғызу.
Мұғалім сөзі
Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы өздерің жақсы білетін дара және күрделі етістік.Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ.Біз бүгін еліміз бас қалаыс НұрСұлтан қаласына сапар шегетін боламыз.
Оқушыларға сұрақ:
Оқушылар осы бас қаламыз Нұр Сұлтанда кім болды.Нұр Сұлтан қаламыздағы көптеген ерекше жерлерге кімдер барды?
Егер барған болсақ онда тағы бір мәрте Нұр Сұлтан қаласына сапар шегейік жақсы ма оқушылар.
Біз қазір Нұр Сұлтан қаласының көрікті жерлерімен танысу үшін әр аялдамаға тоқталамыз.Әр аялдамада тапсырмалар болады.Сол аялдама туралы толығырақ білу үшін тапсырмаларды жақсылап орындауымыз қажет.
Жоспар
1-аялдама «Бәйтерек»
«Байтерек» сөзі екі сөздің бірігуінен жасалып,зәулім ағаш дегенді білдіреді.Оның диаметрі 22 метр.Бәйтеректің ең үстінде Аялы алақан деген монументі бар.
Бәйтерек ағаш және ондағы жұмыртқаға ұқсайды.Бәйтерек туралы аңызда бар.
1-тапсырма жеке тапсырма
Кестемен жұмыс
Етістік |
Дара |
Күрделі |
Секірді |
|
|
Сөйлеп отыр |
|
|
Оқып отыр |
|
|
Жазды |
|
|
Жинады |
|
|
Ұшып барады |
|
|
Күлді |
|
|
Сайрады |
|
|
Отырып қалды |
|
|
2-аялдама «Ақ орда»
Ақорда
Нұр-Сұлтан қаласы Есілдің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік орталығының аумағында 2001 ж. қыркүйек айында салына бастады.
Ғимарат жер бетінде 5 және жер астындағы 2 қабаттан тұрады, оның ішінде жер бетіндегі 1-қабаттың биіктігі 10 м., қалған қабаттардың биіктігі 5 м.
Жертөле қабаттарында техникалық қызмет, ас үй, асхана және гараж орналасқан.
Тапсырма топтық жұмыс
Сәйкестендір
Әсет фломастермен сурет ....... жазады
Ақын өлең ......... емдеді
Дәрігер балаларды ........ салды
Оқушы есеп ............ пісті
Пеш үстінде сүт ........... шығарды
3-аялдама Этнопарк «Атамекен»
«Атамекен» Қазақстан картасы — Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан ашық аспан астындағы мұражай.
Мұнда Қазақстанның барлық қалалары мен тарихи ескерткіштерінің кішірейтілген модельдері көрсетілген. 1,7 гектар жерді алып жатыр.
Екі бірдей футбол алаңының аумағын алып жатқан кешенде Қазақстандағы ең көрнекті деген 200-ден астам сәулет нысандары мен тарихи ескерткіштер, ормандар, таулар мен төбелер кескінделген.
Тапсырма жеке жұмыс
Тақтадағы сөздерді таңдап алып дара немесе күрделі етістік екенін ажырата білу
Сергіту сәті
4-аялдама «Бейбітшілік пен келісім сарайы»
Бейбітшілік пен келісім сарайы сарайында Қазақстан халықтары ассамблеясы, ұлтаралық және дінаралық келісім орталығы, мұражай, университет, 1,5 мың орынды опера залы, кең орталық атриум мен қысқы бақ орналасқан.
Етістіктердің алдына зат есім қойып,сөйлем құрап жаз.
Сайрайды,өсіп тұр,ұғып алды,жылынды,себелеп тұр,әкелді.
5-аялдама «Мұхитаралы»
«Ailand-тің» басты кереметі – мұхитарал. Міне, сол Қазақстандағы тұңғыш, әлемдегі бірегей мұхиттан 3000 шақырымнан аса қашықтықта орналасқан – «Дала төсіндегі мұхит тамшысы. Ол – Гиннестер кітабына енгізілген әлемдегі жалғыз су бассейіні. Оны әзірлеу үшін 120 тонна теңіз тұзы қажеболған. Мұнда 2000-нан аса теңіз жәндігі мен тек мұхиттарда кездесетін айырықша, алып балықтар өмір сүреді. Осы ғажайыпты тамашалауға келген қонақтар алдымен 70 метрге созылған «су астындағы» туннельге еніп, дүние жүзінің түкпір-түкпірінен әкелінген мұхиттың інжу-маржандарымен танысады. Осы жерде теңіз түбінде өсетін 100-ден аса өсімдік пен мысық тұқымдас акулаларды, ғажайып теңіз жұлдыздарын көруге болады.
Видеоролик тамашалау
6-аялдама «Қазақ монументі»
Монументтің түсі – ақ. Ол қазақстандықтардың достыққа адал, бауырмал, ақ ниетін паш етсе керек. «Қазақ елі» монументінің сыртқы бөлігінде 28 колоннадан тұратын жалпы ұзындығы 120 метрлік доға пішіндес ақ колонна да орнатылған. Стеланың өзі осы ақ колоннаданың қақ ортасында, қызыл граниттен жасалған төрт қырлы тұғырға отырғызылған. Оның төрт қырлы болған себебі – дүниенің төрт бұрышына да Қазақстанның құшағы ашық, көңілі адал дегенді айғақтайды.
Дара етістікті күрделі етістікке айналдырып жаз.
Жаңбыр жауды
Қос аққу ұшты
Айнұр кітап оқыды
7-аялдама «Хан шатыр»
«Хан Шатыр» ойын-сауық орталығы астаналықтар мен қала қонақтарына әмбебап дүкені, отбасы саябағы, мейрамханалар, кинотеатр, спорт залдары, жасанды жағажай мен бассейні бар аквапарк, қызмет және кеңсе орындары, 700 орынға арналған паркинг қызметін ұсынады.
«Хан Шатыр» – алып мөлдір шыныдан жасалған әлемдегі ең ірі шатыр. Оның жалпы ауданы – 127 мың шаршы метр.
Сөйлемдерді оқып,дара етістіктің астын бір рет,күрделі етістіктің астын екі рет сыз.
1.Сәлима ыдыстарды жуды.2.Әсел апасына көмектесіп жүр.3.Әлібек кілемді шаңсорғышпен тазалады.4.Талғат домбыра тартып отыр.5.Гүлжан музыка мектебіне барып жүр.6.Айгүл сурет салды салды.
Қорытынды
Оқушының аты-жөні:__________________________________
Етістікке қатысты мәліметтерге «қосу» белгісін қойыңдар.
Кім? Не? Кімдер? Нелер? деген сұраққа жауап береді. |
Заттың атын білдіреді. |
Заттың қимылын іс-әрекетін білдіреді. |
Дара және күрделі болып бөлінеді. |
Заттың санын білдіреді. |
Сұрақтары Не істеді? Не қылды? Қайтті? |
|
|
|
|
|
|