Ашық сабақ
Тақырыбы:Өткен әріптерді қайталау
Мақсаты:Дыбыс пен әріп туралы түсінік беру,дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білу,жазу кезінде дұрыс отыруға,дәптер қарындашты дұрыс ұстауға,буындап оқу,сөздерді буынға бөлуді үйрету,бастаған істі аяқтай білуге,шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Барысы
Психологиялық ахуал
Біз бақытты баламыз
Ойнап,күліп аламыз
Жетілсін деп санамыз
Оқып,білім аламыз.
Өткенді қайталау сұрақтар
Сұрақтар:
1.Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
2.Дыбысты не істейміз?
3.Дыбыстар нешеге бөлінеді?
4.Әріптерді қайтеміз?
5.Сөзден не құралады?
Шалқан ертегісі
Баяғы бір заманда кемпір мен шал болыпты.Олардың бақшасы бар екен.Бірде шал шалқан отырғызады.Шалқан үп-үлкен болып өседі.
Кемпірім маған көмектес деп кемпірін шақырады.
Мұғалім
Ол кемпір келуі үшін тапсырмалар орындауымыз қажет оқушылар.Қазр бізде көріп отырғандарыңдай тақтада екі үйшік тұр.Бірінші ол дауысты, екінші үйшік дауыссыз.
Сол үйшіктерге тақтаның алдында тұрған әріптерді оқып қай дыбысқа жататынын анықтап жапсыруымыз қажет.Сонда ғана ертегіні жалғастыра аламыз.
Шал кемпірін көмекке шақырады.Кемпір шалдан,шал шалқаннан ары тартады, бері тартады.Бірақ орнынан қозғалта да алмайды.
Қызым бізге көмектес!
Дыбыстық талдау жасау, яғни буынға бөлу
Жа-лау ба-қа, ша-лу,
қа-ла, да-ра, доп
сау-сақ, та-би-ғат дә-рі-гер
кі-тап ән Бо-та,
Кемпір көмекке немере қызын шақырады.Немересі кемпірден,кемпір шалдан,шал шалқаннан ұстап,ары тартады,бері тартады. Тағы да тартып суарып шығара алмайды.
Сергіту сәті
Енді ит көмекке мысықты шақырады.Мысық иттің құйрығынан,ит қыздың етегінен,немересі кемпірден,кемпір шалдан,шал шалқаннан ұстап,ары жұлқиды,бері жұлқиды.Шалқан шықпайды.
Қорытынды:
Мысық болса, тышқанды шақырады.Тышқан келіп мысықтың құйрығынан,мысық иттен,ит қыздан,қыз кемпірден,кемпір шалдан,шал шалқаннан ұстайды.Олар тарта тарта ақыры шалқанды суырып шығарады.
Кері байланыс
Оқушылар тақтаға келіп белгілі стикерді таңдап жабыстырады.