17.11.2022
Мектепалды даярлық сыныптарының онкүндігін өткізу жоспарына сәйкес 17 қарашада қоршаған орта мен таныстыру сабағы өткізілді, балалар ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартылды.
Тақырыбы: «Судың қасиеттері»
Жобаның ұзақтығы: қысқа мерзімді.
Сабақтың мақсаты: балалардың судың қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.
Мақсатқа сәйкес келесі міндеттер айқындалды:
1. Судың қасиеттерін білу;
2. Ересек адамның көмегімен сумен қарапайым тәжірибелер жүргізу дағдыларын бекіту;
3. Ойлау, зейін, есте сақтау, талдау, бақылау қабілеттерін дамыту;
4. Суға деген қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу, су қорларына қатысты күнделікті экологиялық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
Жауапты: тәрбиеші -Сейтбекова А.М.,әдіскер Шмельцер Ю.А.