18.11.2022
5-сыныптағы көркем еңбек сабағы.
Тақырыбы: «Кестелеу түрлері. Құралдармен және материалдармен таныстыру».
Мақсаты: Қол кестелері туралы білімдерін қалыптастыру, тігістің «алға ине», «крест» және «тамбур» түрлерімен таныстыру.
Сабақта қыздар кесте тігуге қажетті материалдармен және құралдармен танысып, үлгі бойынша «тамбур», «крест», «алға ине» тігістерін орындады.
Мұғалім: Мейтина Наталья Николаевна