03.02.2023
ҚГБ онкүндігі аясында мектепте 5-11 сынып оқушыларына арналған «Математикалық үзілістер» басталды. Мақсаты: Математика пәніне деген қызығушылықтарын дамыту.
Тапсырмалар:
- сабақта алған білімдерін әдеттен тыс ортада қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.
- ойлау, зейін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
- жолдастық сезімге және табысқа, қуанышқа ортақтаса білуге тәрбиелеу.
Оқушыларға 6 сайыс ұсынылады: 1) «Көңілді сайыс» сандар арқылы адамның бетін салу; 2) Математикалық сөзден мүмкіндігінше көп сөз құрау; 3) математикалық белгілер; 4) тапқырлыққа арналған тапсырмалар; 5) «Танграм» ойыны; 6) сіріңкемен ойнау. Мектеп оқушылары жарыстарға қуана қатысады. ӘБ басшысы Ленчук Л.А