16.02.2023
15 ақпанда Капитоновка мектебінің акт залында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне арналған іс-шара өтті.
Мақсаты: интернационалист-жауынгерлердің жеке үлгілері бойынша оқушыларды азаматтық пен патриоттыққа, борыш, жауапкершілік, батылдыққа тәрбиелеу.
Бүгін Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл. Бұл күн қуаныш, бұл күн де қайғы.
Қазіргі ұрпақ батырлардың есімдерін біліп, есте сақтауы керек.
Жанын беруге дайын болғандар мен арамызда жоқтарды ұмыту мүмкін болмағаны сияқты бұл даталарды тарихтан өшіру мүмкін емес. Еліміздегі бұл күндер ерліктің, батылдық пен қайсарлықтың символына айналсын.Шараға ауған жауынгерлерінің аналары Р.Н.Жигирова мен Г.Ф.Чугунова шақырылды.
Мектеп кітапханашысы Е.А.Круповская Ауғанстанда соғысқан жерлестеріміз – Чугунов В.И., Жигиров В.Ф., Фанингер П., олардың ерліктері туралы әңгімеледі.
Шара соңында «Шамдарды жағу» акциясы өтіп, үйлеріне оралмағандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.