Сергіту сәті “Мен біркүні адастым ”
Мен бір күні адастым – (қорыққанды
көрсету),
Бірақ тез-тез ойландым – (маңдайын қолымен жайлап соғып
күлімсіреу),
Жан жағыма қарадым – ( қарау),
Анам жоқ, енді не істеймін – (қолын екі жағына жаяды),
Оңға қарай жүгірдім – (орнында жүгіру),
Табыла ма, анам деп – (айналасына қарау),
Солға қарай жүгірдім – (орнында жүгіру),
Табыла ма, анам деп – (айналасына қарау),
Айналамды қарадым – (айналу),
Көріп қалам ба екен деп– (айналасына қарау),
Жоқ. Қозғалмаймын орнымнан – (қолын кеудесіне қою),
Осы жерде күтем тек
Егер адасып
қалсаңдар ешқайда кетпей тұрыңдар. Сонда сендерді тез тауып алады.
Сынып
сағатының тақырыбы: «Мен – өз елімнің
патриотымын!»
Сынып
сағатының мақсаты: Балаларға білім күні жайында түсінік беру. Өз туған
елдеріне, жерлеріне, мектебіне сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып
сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету.
Көрнекі-құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері,суреттер.
Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сөздік, топпен жұмыс, дербес
жұмыс, сұрақ-жауап.
І. Кіріспе бөлім.
Мемлекеттік әнұранды орындау.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі сабағымыз
біздің білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналған. 2-ші қыркүйек күні барлық мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір мектептерде,
басқа да білім беру мекемелерде тұңғыш қоңырау соғылады (тәрбиеші
қоңырау соққан баланың суретін көрсетеді).
Осы тұңғыш қоңыраудан бастап күнделікті оқу
басталады. Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу
оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер мектепке күнде келіп,
сабақ оқып, тәрбие алу керексіңдер.
- Балалар, біз Қазақстан Республикасының рәміздері жайында естігенбіз, көргенбіз.
Ендеше есімізге түсірейікші, біз
қандай Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз.
(балалардың жауабын тыңдау)
Тәрбиеші: Дұрыс, әнұран, елтаңба, ту.
Балалар, айтыңдаршы, біз қай Мемелекетте тұрамыз?
Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Тәрбиеші: Дұрыс. Қазақстан Республикасының президенті кім?
Балалар: Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбиеші: Өте жақсы. Біздің Қазақстан Республикасының елордасы
қай қалада?
Балалар: Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласы.
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар.Айтыңдаршы, біз қай ауылда туып, өмір сүріп
жатырмыз?
Балалар: Біз Бұланды
ауданында туып, Капитоновка
ауылында өмір сүріп жатырмыз.
Тәрбиеші: Өте жақсы
балалар. Сендер өздеріннің Республикаларын, рәміздер жайында, елорда жайында
барлығын білесіңдер. Ал, балалар, енді сіздермен Отан
жайында әңгімелесіп көрейік.
Отан
дейміз кең байтақ астананы
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның
шетіде жоқ, шегіде жоқ
Ол бірақ өз үйіңнен басталады
Отан! Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
- Отан деген не, кім қалай түсінеді?
(Оқушылардың жауаптарын қабылдау)
Ø Біздің Отанымыз қалай аталады?
Ø Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
Қазақстан Республикасының президенті кім?
(рәміздер жайлы әңгімелесу)
Мұғалім:
Ø Отан – әр адамның
жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос
–жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет
ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан
сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді
сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!
ПАТРИОТ – сөздік жұмыс. елін, жерін сүйетін азамат .
Ø Патриот болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?
- Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек.
Қорытынды: - Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз
азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер.
Бүгінгі күннен бастап бізде
күнделікті сабақтарымыз, қызықты да көп нәрсеге үйренетін күндеріміз
басталды.
Әрқашан бүгінгідей жақсы көңілмен, барлығын
үйренеміз деген мақсатпен мектепке келулеріңе тілектеспін. Бүгінгі сабаққа жақсы
қатысқандарың үшін көп рахмет! Әрқашанда еліміздің, жеріміздің
еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің
азаматтары!
Сынып
сағатына белсене қатысқандарыңыз үшін
алғысымды білдіремін.
«Капитоновка орта мектебі» КММ
Тақырыбы:
Әзірлеген: Курмахан М.
Өткізілген күні: 02.09.2017 ж.
2017 – 2018 оқу жылы