«Ақмола облысы білім басқармасының  Бұланды ауданы білім бөлімі Капитоновка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Капитоновка отдела образования по  Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

біз әлеуметтік желілерде

Сенім телефоны

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

06.12.2017

ТҮСІНІК ХАТ

ҚАЗАҚ ТІЛІ

«Қазақ тіл» пәні бастауыш мектепте гуманитарлық білім

берудің бастапқы өзегі болып табылады. Бастауыш мектепте «Қазақ тілі» пәнін

оқытудың мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым,

жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді меңгерту және оны тілдік

нормаларды сақтай отырып, оқу әрекеті мен күнделікті өмірде қолдану.

Пән бойынша 2-сыныпта жүргізілетін жазба жұмыстарының

көлемі:

1) сөздік

диктант – 6-8 сөз;

2) диктант

– 25-30 сөз;

3)

мазмұндама – 40-60 сөз;

4) шығарма

– 25-35 сөз.

«Қазақ

тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау жиынтық жұмыстарын жүргізуді көздейді. Бірақ

қажеттілігіне қарай мұғалім қосымша жұмыстар (диктант, мазмұндама, шығарма және

т.б.) жүргізе алады, олардың нәтижелері сынып журналына қойылмайды. Ол білім

алушылардың жетістіктеріне аралық мониторинг жүргізудің бір түрі және

жүргізілген жұмыстардың нәтижелерін ұсына отырып, жүзеге асыруға мүмкіндік

беретін кері байланыс болып табылады.

Жиынтық

бағалаудың рәсімдер саны

Пән/Сынып

Жиынтық бағалау рәсімдері

І тоқсандағы ЖБ саны

ІІ тоқсандағы ЖБ саны

ІІІ тоқсандағы ЖБ саны

ІV тоқсандағы ЖБ саны

Қазақ тілі,

2-сынып

2*

2*

2*

2*

*

–Тексерілетін сөйлеу әрекетінің әрбір түрі үшін балдарды қою

Қалыптастырушы

және жиынтық бағалау шеңберінде бағаның төмендеуіне әсер ететін қателер мен

кемшіліктердің жіктелуі:

Қателер:

-​ сөздегі әріптердің орнын ауыстыру, алмастыру, артық

әріптерді қосып жазу, сөздердің жазылу ережесін бұзу сияқты өрескел қателер;

-​ емле ережесі бойынша қате жазылған сөздер;

-​ мәтінде өтілген тыныс белгілерінің болмауы

(сөйлемнің соңында) және бас әріптің сөйлем басында жазылмауы;

-​ орфографиялық ережелер бойынша жіберілген қателер;

бір ережеге сәйкес келетін сөздердің әртүрлі сөзде кездесуі екі қате болып

саналады;

-​ бірдей әріптен жіберілген қате үш рет қайталанса,

екі қатеге есептелінеді, екі рет жіберілсе, бір қатеге есептелінеді;

-​ мазмұндама жазу кезінде шығарманың мәнін, мазмұнын

өзгертетіндей, алшақтайтындай авторлық мәтіннен айтарлықтай ауытқулардың болуы;

-​ бөлімдердің арасында байланыстың болмауы, сөздік

қоры жұтаң, мазмұнының негізгі бөлімінің болмауы, автор мәтінінде көрсетілген

маңызды оқиғалардың қалдырылуы;

-​ мазмұндамада сөздердің сәйкес мағынада қолданылмауы.

Диктантта мына қателер бір қате ретінде саналады: екі

түзету; екі пунктуациялық қате; бір сөзден жіберілген қатенің қайталануы; екі

өрескел емес қате.

Өрескел емес қателер: сөзде

бір әріптің қайталануы; сөздің қате тасымалдануы; сөйлемде бір сөздің екі рет

қайталанып жазылуы, аяқталмаған сөз.

Кемшіліктер: келесі

сөйлем бас әріппен жазылған жағдайда сөйлем соңында тыныс белгісінің қойылмауы;

азат жолдың болмауы; мазмұндама жазу кезінде авторлық мәтіндегі оқиға қисынының

шамалы бұзылуы.

Диктант үшін ұсынылатын мәтіндер орфографиялық тұрғыдан

таныс болмаған жағдайда, яғни жіберілген қателер өтілген сабақтардың

материалдарында қарастырылмаған жағдайда жіберілген қателер диктантта

қате деп саналмайды.

Мазмұндаманы, шығарманы ұйымдастыру

және өткізу

2-сыныпта оқушылардың өз ойын жазбаша тілде тиянақты түрде

жеткізу білігін тексеру мақсатында мазмұндама, шығарма жазуға үйрететін жұмыс

жүргізіледі. Осы жұмыстарға 1 сағаттан кем емес уақыт бөлу ұсынылады. Үйрету

сипатындағы шығармашылық жұмыс жүргізудің кезеңділігі – шамамен 15 күнде бір

рет.

Мазмұндама тақырыптарының көлемі диктант мәтіндерінің

көлеміне қарағанда шамамен 15-20 сөзге артық болуы тиіс.

Шығарма жұмыстарын бағалау мөлшері

Шығарма тақырыбын таңдауда оның өмірмен байланыстылығы,

балалар тәжірибесі мен қызығушылығына жақындығы, мазмұнының, мәтін құрылысы мен

оның тілдік безендірілуінің қолжетімділігі ескерілуі қажет. Сонымен қатар

бастауыш сынып білім алушыларына әртүрлі жағдайларда қауіпсіз іс-әрекеттер

туралы және қауіпсіз іс-әрекеттер жасау мәдениеті туралы шығармалардың

тақырыптары ұсынылады.

Сөздік диктанттар ағымдағы тексеру жұмысы және бақылау

(тоқсанына 1 рет) ретінде өткізіледі. Сөздік диктантардың мазмұнын жазылуы

ережемен реттелмейтін сөздерден құралады.

«Қазақ

тілі» пәні 2-сыныпта аптасына 4 сағаттан оқытылып, жылдық жүктемесі 136 сағатты

құрайды.

ТҮСІНІК ХАТ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ

«Жаратылыстану» пәнінің

маңыздылығы жаратылыстану ғылымы бойынша білім беру бастауыш мектеп жасындағы

білім алушылардың табиғи білімқұмарлығының дамуына, әлем туралы ой-өрісінің

кеңеюіне, ғылымды түсінудің және қоршаған ортаны тұтастай қабылдауының дамуына,

қоршаған ортаны қорғау және бағалай білу біліктерінің дамуына ықпал етуімен

анықталады.

Бастауыш мектепте

«Жаратылыстану» пәнін оқу және меңгеру қоршаған

әлемнің күрделілігі мен көпқырлылығын, сондай-ақ табиғи құбылыстар мен процестердің

өзара байланысын; жанды және жансыз табиғатта

болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен процестердің

себептерін; жаратылыстану-ғылымдық білімнің адамның көптеген іс-әрекет түрлері

үшін маңыздылығын; алуан түрлі практикалық және зерттеу әрекеттері арқылы

алынған білімнің күнделікті өмірмен байланысын түсінуге бағытталған.

Бастауыш мектептегі

«Жаратылыстану» пәнінің оқу бағдарламасы «Биология», «География», «Химия»,

«Физика» пәндерін негізгі мектепте оқытудың негізін қалауға, алған білімдерін

күнделікті өмірде (үйде, мектепте, табиғат әлемінде) кездесетін табиғат

құбылыстары мен процестерін түсіндіру, сипаттау, болжау үшін қолдану білігін

дамытуға бағытталған.

«Жаратылыстану» оқу пәнін

оқыту және мақсаттарын іске асыру кезінде экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне,

денсаулық сақтайтын технологияларына, зілзалалардың қауіп-қатерін азайту мен

қауіпсіз ортаны құру мәселелеріне ерекше назар аударылуы тиіс.

«Жаратылыстану» оқу пәнін

оқыту барысында әр тоқсанда жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты саны

қарастырылған.

62-кесте – «Жаратылыстану»

оқу пәні бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер саны

Сынып

Жиынтық бағалаудың

рәсімдері

І тоқсандағы ЖБ саны

ІІ тоқсандағы ЖБ саны

ІІІ тоқсандағы ЖБ саны

ІV тоқсандағы ЖБ саны

2-сынып

2

2

2

2

Оқу пәні білім алушылардың адамның табиғи және әлеуметтік ортасы

туралы білім жүйесі, табиғат пен қоғамның өзара байланысы мен өзара тәуелділігі

туралы жалпы адамзаттық құндылықтар тұрғысындағы түсініктерін қалыптастыруға

бағытталған.

«Жаратылыстану» пәнін оқыту кезінде бастауыш мектеп білім

алушылары биология, экология, география бойынша қарапайым ұғымдармен танысады.

«Жаратылыстану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34

сағатты құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТҮСІНІК ХАТ

ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ

    «Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсаты – бастауыш

сынып білім алушыларының көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында

қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде

жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.

Оқу бағдарламасында

әдеби-шығармашылық қабілеттерін дамыту қарастырылған. Нақты шығармаларды оқып

білу және қажетті шығармашылық тапсырмаларды орындау үшін, мұғалім білім

алушылардың даярлық деңгейіне байланысты сабақтар санын анықтайды.

Қорытынды

тексеруді ұйымдастыру үшін және оқыту нәтижелерін бағалау үшін әртүрлі

тапсырмалар қолданылады:

-​ кешенді

әртүрлі деңгейлі жұмыстар (ағымдағы тексеру үшін);

-​ әдебиеттік

диктанттар (әдеби білімін және сауаттылығын тексеру үшін);

-​ өтілген

шығарма, тақырып, бөлім бойынша тест тапсырмалары;

-​ дауыстап

және іштей оқу дағдыларын жаппай тексеруге арналған сұрақтары мен тапсырмалары

бар мәтіндер;

-​ оқу

әрекеттерінің қалыптасуын тексеруге арналған диагностикалық тапсырмалар және

тест тапсырмалары;

-​ дауыстап

оқу дағдысын жеке тексеруге арналған мәтіндер мен тапсырмалар (әр жартыжылдық

соңында);

-​ оқырмандық

біліктерінің және білімділігінің деңгейін тексеру бойынша кешенді әртүрлі

деңгейлі қорытынды жұмыстар (әр жартыжылдық соңында);

-​ қорытынды

тест тапсырмалары (кешенді әртүрлі деңгейлі қорытынды жұмыстардың бір түрі);

-​ оқулықпен

жұмыс жасау дағдыларын тексеруге арналған бақылау жұмыстар (2-сыныптың І

жартыжылдығының соңында)

2-сыныптың

ІІ жартыжылдығынан бастап балаларға арналған кітаппен жұмыстар бойынша

тапсырмалар оқырмандық біліктерін және оқыған шығармалары жөніндегі ағымдық

және қорытынды тексеруге жатады.

Бағаның

төмендеуіне әсер ететін қате мен кемшіліктердің классификациясы

Қателер:

-​ қате

оқу (әріптерді ауыстыру, сөздерді, әріптерді тастап кету, сөздерді, буындарды,

әріптерді қосып оқу);

-​ мәтіннің

бәрін мағыналық кідіріссіз оқу, дауыстап оқығанда сөздің айтылуын ырғағы мен

анықтығын бұзу;

-​ қойылған

оқу уақытында оқылған мәтіннің жалпы мағынасын түсінбеу;

-​ мәтін

мазмұнына сай сұрақтарға жауап бере алмау, оқылғаннан негізгі ойды көрсете

алмау;

-​ оқылған

мәтіннен негізгі мазмұнды түсінуді білдіретен мәтіндегі сөз және сөйлемді таба

алмау;

-​ мазмұнын

айтуда шығарма оқиғасының бірізділігін бұзу;

-​ жатқа

айтуға дайындалған мәтінді толық білмеу;

-​ бірсарынды

оқу, мәнерлеп оқи алмауы.

Кемшіліктер:

-​ дауыстап

оқуда мағыналық кідіріс, ырғақ пен сөздердің айтылу анықтығының бұзылуы;

-​ белгіленген

уақыттан біршама артық уақытта оқылған мәтінді түсінуі;

-​ шығарманың

негізгі ойын тұжырымдаудағы дәлсіздік; мәнерлеп оқуды мақсатты қолдана алмауы,

кейіпкер мінезін көрсетудегі мәнерлеудің жеткіліксіздігі.

«Әдебиеттік

оқу» пәні бойынша оқу дағдысының қалыптасуының шамалық нормасы:

2-сыныптың

І жартыжылдық соңында минутына 40 және одан артық сөз оқуды; ІІ жартыжылдық

соңында 50 және одан артық сөз оқуды меңгеруі қажет. Ескерту: шылау, одағай,

еліктеу сөздер, қос сөздер жеке сөз ретінде саналады.

Жиынтық

бағалаудың рәсімдер саны осы пәнге арналған критериалды бағалау жүйесі бойынша

әдістемелік құралда көрсетілген.

58-кесте – Жиынтық бағалаудың

рәсімдер саны

Пән/Сынып

Жиынтық бағалау

рәсімдері

І тоқсандағы ЖБ саны

ІІ тоқсандағы ЖБ саны

ІІІ тоқсандағы ЖБ

саны

ІV тоқсандағы ЖБ саны

Әдебиеттік оқу,

2-сынып

2*

2*

2*

2*

* –Тексерілетін сөйлеу әрекетінің

әрбір түрі үшін балдарды қою

2-сыныпта «Әдебиеттік оқу» аптасына

3 сағаттан оқытылып, оқу жылында 102 сағатты құрайды.

 

 

Просмотров: 2337


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст