1-сынып |
Өзін-өзі тану |
Мұғалім | ||
Сабақтың тақырыбы |
«Өзін – өзі тану әлеміне» саяхат | |||
Сілтеме |
Өзін-өзі тану оқулығы,ғаламтор,әдістемелік құрал,МАН. | |||
Жалпы мақсаты |
адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктер беру; - жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту; - өзара қамқорлыққа, сүйіспеншілікке, татулыққа тәрбиелеу. Көрнекі құралдар: дәптер, «Өзін-өзі тану» әлемінің картасы, түрлі түсті қарындаштар. | |||
Оқу нәтижелері |
Оқушылар берілген тапсырмаларды орындауды, оларға сұрақ қоя білуді үйренеді, сын тұрғысынан ойлай білуге дағдыланады, өз пікірлерін айтып, қорытуға үйренеді. Өзін-өзі және басқаларды бағалау дағдысы, топтық ынтымақтастық қалыптасады. | |||
Көрнекілігі |
Ақ қағаз, оқулық,үлестірме материалдар, жеке суреттер. | |||
Тапсырмалар |
АКТ. «Жұбын тап» ойыны. Топтық жұмыстар. Шығармашылық тапсырма. Венн диаграммасы. | |||
Сабақ кезеңдері |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Ресурстар | |
Ұйымдастыру
Топқа бөлу |
Бейнеролик көрсету арқылы сергіту сәтін орындату. Сабақта біздің тыныштық, Естілмейді дыбыс түк Мұны біз де қолдаймыз, Кешіккенді тоспаймыз. Күнделікті қызықты Сабақты біз бастаймыз. Топ ережесін қайталап, еске түсіру. |
Оқушылар қимыл- қозғалыстарды қайталайды. |
АКТ
Топ ережесі жазылған постер | |
Білу |
Тыныштық сәті. -Балалар, дұрыс отырайық,арқаларыңызды түзу ұстайық,қолдарыңызды партаға қоюға болады,көздеріңізді жұмайық. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. (тыныштық). Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз. (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда. (тыныштық).Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. (тыныштық). Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз. (тыныштық). Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақаңдарыңызды күннің көзіне жайыңыз. (тыныштық).Көк аспаннан және көктемгі жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық). 1,2,3 көзімізді ашайық.Қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтайық. Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма?Қандай сезімде болдыңдар? |
Оқушылар берілген тапсырмаларды орындайды |
Тақта Жеке сөздер жазылған қағаздар | |
Түсіну |
Педагог балаларға Ө. Тұрманжановтың өлең жолдарын хормен қайталауды ұсынады. Кел, балалар, күлейік! Қабақ түйген не керек, Кел балалар, күлейік! Күлкі көңіл ашады, Күлкіменен түлейік! Көңілді боп жүрейік! Күлкіменен түлейік! Күліп өмір сүрейік! Әңгімелесу Балалар, «Өзін-өзі тану» әлемі бізге сыйлық дайындап ҚОЙЫПТЫ. Алдымен сол сыйлықты тауып көрейік. Педагог балаларға қызыл, сары, жасыл, көк түсті /дөңгелек пішінді қағаз таратып береді. Балалар сол түстер бойынша топтарға бөлінеді. Төрт түсті топтарға бөлінген балалар бөлмені аралай жүріп, өздерінің қолдарындағы дөңгелектің түсіне байланысты жасырылған конвертті тауып алып, ішінде не (барын байқайды. Жасырылған конверттің ішінен әдептілікке (байланысты мазмұнды суреттер шығады. Педагог балалардан 1 сурет бойынша әңгімелеп берулерін сұрайды. Балаларға 1-2 минут уақыт беріледі. Балалардың жауаптары тыңдалып, педагог балалардың жауаптарын төмендегідей түйіндейді. - Тамаша, балалар! «Өзін-өзі тану» әлемінде біз көп жақсы істерді жасай білуге үйренеді екенбіз. Суреттен бір қыз баланың таяқ таянған қарт кісіге қамқорлық көрсетіп, көшеден өтуге көмектесіп тұрғанын көріп тұрмыз. Бұл қыз өте қайырым екен. Біз де осы қыз сияқты қайырым боламыз. Екінші суреттен табиғат аясында ағаштарға су құйып, гүлдердің түбін қопсытып жатқан бір топ балаларды көріп тұрмыз. Балаларға бірлесіп жұмыс істеген ұнаған сияқты. Олар өте көңілді. Біз де осы балалар сияқты айналамызға, табиғатқа қамқорлық көрсете аламыз. Ал келесі суреттен сүйіспеншілігі мол, бір-біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастарқан басындағы отбасы мүшелерін байқадық. Мына бір суреттен бір топ баланың ойнап жатқан кезін, олардың бір-біріне ойыншығын беріп, өзара бөлісіп, тату екендіктерін көріп отырмыз. Керемет, балалар! Суреттерден балалардың сүйіспеншілігі мол, көңілді, бір-бірімен өте тату, қайырымды, үлкендерге, табиғатқа қамқор екендіктерін танып білдік. Ендеше, біз де «Өзін-өзі тану» әлеміндегі балалар сияқты жақсы істерді жасауға үйренеміз, әрі тату, дос, қайырымды, қамқор, жақсы бала болып өсеміз! Ойын. «Мен де жақсы бала боламын». Педагог балаларды жағымды істерге жұмылдыру мақсатында «Мен де жақсы бала боламын» ойынын ойнауды ұсынады. Педагог балалардан көрген мазмұнды суреттері арқылы өздерінің де істеген жақсы істері туралы айтып берулерін сұрайды. Мысалы: - Мен де атама орнынан тұруға көмектесемін. - Мен де ініммен ойыншықтармен бөлісемін. - Мен де үйдегі гүлге су құямын. - Мен де ата-анамның айтқанын тыңдаймын. - Мен де өз ойыншықтарымды шашпаймын. Әңгімелесу - Балалар, «Өзін-өзі тану» әлемінің бізге дайындаған тағы бірнеше сыйлықтары бар екен. Ол не деп ойлайсыңдар, көрейік! - Педагог алдын ала хрестоматия, карта, әліппе дәптерлерді үстел үстіне қойып, үстін орамалмен жауып дайындап қояды. Әр бала орамалдың астынан бір-бір заттан алып қарайды. - Балалар, бұл сыйлықтар бізге қандай көмек көрсете алады? Балалардың жауаптары. «Өзін-өзі тану» әлемінің бір керемет сыйы, ол - біздің әдемі жұмыс дәптеріміз. Дәптер арқылы біз көп нәрселерді көріп үйренеміз, әр түрлі қызықты тапсырмалар орындаймыз. Қане, дәптердің бірінші бетін ашып көрейікші. Педагог балаларды отырғызып, дәптердегі «Өзін-өзі тану» әлемінің картасына назарларын аудартады. Б үл - «Өзін-өзі тану» әлемінің картасы. Картадағы аялдамалардан қандай суреттерді көріп тұрсыңдар? Балалардың жауаптары. Суретте кең байтақ Қазақстан жерінде өмір сүріп жатқан әдепті, ұқыпты, бақытты балалардың отбасы, достары, туған жері, оның табиғаты бейнеленген екен. Осы картаның көмегімен қызықты әлемге саяхатымызды жалғастырамыз. Дәптермен жұмыс Педагог балаларға әліппе дәптерде берілген картаның бірінші аялдамасын боятып, суреттің мазмұны бойынша әңгіме жүргізіп, саяхатты бастап, алғашқы қадам жасағандарына назарларын аударады. Педагог балаларды келесі көмекші құрал - хрестоматиямен таныстырады. - Балалар, бұл кітап - хрестоматия деп аталады. Бұл да «Өзін-өзі тану» әлемінің ерекше сыйы. Кітаптың ішінде қызықты ертегі-әңгімелер, мақал-мәтелдер, өлең-тақпақтар жинақталған. Біз осы шығармалар арқылы адам бойында кездесетін: сүйіспеншілік, мейірімділік, адалдық, шыншылдық, қамқорлық, әдептілік, достық, бірлік сияқты жақсы қасиеттермен тереңірек танысып, жақсы бала болып өсуге тырысамыз. | |||
Қолдану
|
Жаңа тақырып бойынша тапсырма 1 топ: сурет салу 2 топ: өлең жазу 3 топ: коллаж |
Өлеңге сүйеніп сурет салады. |
«Өзін-өзі тану» оқулығы Ақ қағаз | |
Талдау |
Кестемен жұмыс |
Оқушылар топпен сол сөздерді тауып жазады. |
||
Сергіту сәті.
|
Ұзын құлақ сұр қоян, Естіп қалып сыбдырды. Ойлы-қырлы жерлермен Ытқи-ытқи жүгірді. |
Оқушылар сергіту жаттығуларын жасайды |
Сергіту жаттығуы жазылған парақша | |
Жинақтау |
«Жүрдек пойыз» топ болып сабақта алған білімдерін, ойларын ортаға салады. |
Тақтаға шығып тапсырманы орындайды |
Тақта | |
Рефлексия
|
Тыныштықта отыру. Балалар көздерін жұмады. Мұғалім сөйлейді. Сендердің жүректерің — сендердің кішкене жарқыраған күндерің. Ол да күн сияқты жылытады. Сендердің күндерің сендерге жылулық береді. Өздеріңнің жақсылықтарыңмен адамдармен бөлісесіңдер. Ал, кәне жақсылық сезімдерімізді өздеріміздің әке-шешемізге, аға-әпкелерімізге, өздеріміздің достарымызға, барлық адамзатқа, келген қонақтарға, маған және өзіміздің кішкене ғана әдемі жер шарымызға, бәріне-бәріне жіберейік, жақсылық тілейік. -Ал, енді көздеріңді ашыңдар, жымиыңдар және осы сезімдеріңді, қуаныштарыңды күні бойы сақтауға тырысыңдар. |
Оқушылар пікір- лерін жазады. |
Стикерлер | |
Келесі тапсырма |
Педагог балаларға «Сүйіспеншілік — жүректен» - деген халық даналығының мағынасын ашып түсіндіреді. |
Мазмұнын талдайды |
«Өзін-өзі» оқулығы. | |
Бағалау. |
Жиынтық бағалау: оқушыларды мадақтап, бағалау. |
Смайликтерді санайды. |
смайликтер |