№ |
Тақырыбы |
2-күн. 1-сабақ. Сыныпты қадағалау әдістемесі | |||
|
Уақыты |
45 мин | |||
1 |
Жалпы мақсаттар |
Мұғалімдер сыныпта қадағалау жүргізу әдістемесіне талдау жасайды және ғаламдық мәдени айырмашылықтар, қоршаған орта факторларының сынып мәдениетіне әсері туралы қорытынды шығарады. | |||
2 |
Табыс критерийлері |
I Курс тыңдаушылары: 1) Мұғалімдер өздерінің сыныпта қадағалау жүргізу дағдыларын бағалайды, қадағалаудың құрылымдалған және құрылымдалмаған түрлерін салыстырады. Сонымен қатар мәдениет санатына анықтама беріп, аталған термин оқу ортасымен қалай байланысатынын түсіндіреді. 2) Алған білімді өз тәжірибесінде қолданады. Тыңдаушылар диалог құрудың, топты ұйымдастырудың, топтық рефлексия дағдыларын меңгереді. | |||
3 |
Түйінді идеялар |
Қадағалау - ақпарат жинау мен мектепте (сыныпта) болып жатқан оқиғалар туралы толығырақ мәлімет алудың пәрменді тәсілдерінің бірі. Адамдар күнделікті қолданатын "бағдарламалық жасақтама" түріндегі мәдениет. Проблемалық мәселелер: аталған "бағдарламалық жасақтама" бүкіл ұлт үшін ортақ па? Қоғамдастық үшін ше? Кәсіпқойлар тобы (мысалға, мұғалімдер) немесе оқушылар тобы ше? т.б. Мәдениет құбылысын түсінуге қатыстылықты түсінудің маңыздылығы. Мәдениет құбылысының маңызды болып көрінуіне қарамастан, оны бірқатар "мәдениет" тұрғысынан қабылдау қажеттілігі және "мәдениетаралық" іс-қимылдың мәнін анықтау. Өз мәдениетін шамамен алғанда дара мәдениет болып табылатын өз мәдениетінің ішіндегі әртүрлі айырмашылықты пайымдайтын жалпы мәдениет нормаларының арасалмағымен жайғастыру. | |||
4 |
Ресурстар |
Флипчарттар, стикерлер, маркерлер, А4, А3, түрлі-түсті қарындаштар, қайшы, желім, бейнежазба | |||
Тренинг барысы | |||||
Тренинг кезеңдері |
Уақы-ты |
Тренердің іс-әрекеті |
Курс тыңдаушыларының қызметі | ||
«Сәлем-сөздің анасы» Сәлемдесу |
2 мин. |
Тренер қатысушылармен сәлемдесіп, тренинг тақырыбы мен мақсатын хабарлайды. |
| ||
Сергіту сәті (мақсаты: танысу, ынтымақтастық атмосферасын құру) |
3 мин. |
«Ассоциация әдісі». 1.Әр мұғалімге өзін теңеулермен таныстыруды ұсынамын. (Мысалы: мен-балықпын, өйткені......, мен-көбелекпін, өйткені.......) 2.Әріптестер бір-бірінің қасиеттерін айтып бөліседі.
(комплименттер айтылады) |
Шеңберге тұру. Қатысушылар өздерін теңеулер арқылы таныстырады, содан кейін әріптестердің берген бағаларын естиді.
Әр қатысушыны тұлға ретінде көрсету, таныту. | ||
Тренинг түрі – топтық (Мақсаты: коллоборативті ортаны ұйымдастыру) |
5 мин. |
Түрлі-түсті стикерлер бойынша топқа бөліну. 2 топ |
2 топ құрылады: «Серіктестер», «Достар» | ||
I. Мотивация (Мақсаты: сабақтың тақырыбына қызығушылықты арттыру)
|
9 мин.
|
МӘДЕНИЕТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ? Мұғалімдер мен оқушылар үшін «мәдениеттің» нені білдіретіні туралы ойлануы маңызды тапсырма болып табылады. 1-жаттығу. Мәдениет дегеніміз не? Топтарда талқылауға арналған сұрақ. «Мәдениет» сөзі туралы өзіңіздің түсінігіңізді үлкен (A3) қағаз бетіне мазмұндық сызба ретінде салыңыз. «Мәдениет» түсінігін қамтуы мүмкін барлық жайттарды қосыңыз. 2. Өз жазғандарымызды қалай жіктеуге болады? Топтар мәдениет ұғымын құрастыруға ұсынылған сөздерді санаттарға бөлуге тырысады (көмек: құндылықтар немесе түсініктер; мінез-құлық нормалары; мәдениет ескерткіштері/мәдени шығармалар – бұлар жай санаттар болып табылады, бірақ егер олар өздерінің санаттарын ұсынатын болса, тіптен жақсы). Топтарда және ортақ сабақтарда талқылаңыз. 3 Басқа топтармен өз нәтижелеріңізді бөлісіңіз. Мәдениет туралы презентация көрсету Коуч: – Әріптестер, сонымен аталған ұғымды сіздер қалай түсіндіңіз? Біздің тақырыбымызға оның қандай қатысы бар деп ойлайсыздар? |
Әр топтан бір адам (спикер) өз тобында қалады, қалған топ мүшелері басқа топтарға барып мәлімет жинайды. Өз топтарына келгеннен кейін спикерге жинаған мәліметтерін айтады. | ||
IIСабақ мазмұнын түсіну (Мақсаты: коучингта берілген ақпаратты түсіну)
Сергіту сәті. |
(10 мин. – жұмыс, 3 мин. – презентация)
5 мин.
|
1.Коуч әр топты ресурстармен қамтып, тапсырма береді. (Мақсаты: Сабақтың тақырыбын түсіну) – Топтар суретке қарап 30 тезисті ромбқа дұрыс орналастыру қажет. Талқылау және дәлелдеу жұмысы жүргізіледі. 2. Коуч: – Әріптестер, сонымен «Мектеп мәдениеті» деген ұғым сіздерге түсінікті болды ма? Мектеп мәдениетін қалыптастыруда мұғалім қызметі қандай? 3. Сергіту сәті. Презентацияға қарап билеу. |
Топтар русурстармен танысып, өз нәтижелерін ұсынады. (Спикер немесе барлық топ мүшелері). Топтар карточкаларды ромб түрінде орналастырады, қалай қорғайтынын ойластырып, өз жобаларын ұсынады. (Спикер немесе топ мүшелері) Өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасады. Презентацияға қарап қайталау. | ||
Практикум |
5 мин 3 мин. |
Тренер барлық топқа бірдей тапсырма береді: «Біздің мектебіміздің мәдениетін қалай өзгертуге болады?» тақырыбы бойынша сызба, график т.б. түріндегі жоба жасау.
|
1.Тыңдаушылар ресурстарды пайдалана отырып, жобаларын жасайды. 2.Әр топ өз жұмыстарын қорғайды. | ||
III Рефлексия (сабақ қорытындысын шығару, сабақ бойынша кері байланыс орнату )
|
3 мин. |
1.Тренер тақтада ілініп тұрған ағаштың жоғары жағына сабаққа қөзқарастарын, алған әсерлерін жапсыруды, ал сәтсіз шыққан жайттарды астыңғы жаққа жапсыруды өтінді. Тренер қатысушыларға алғысын білдіріп, сәттілік тіледі. |
Қатысушылар стикерлерін толтырып, өз ойларымен бөліседі.
Тренинг жұмысы аяқталады.
|
№ |
Тақырыбы |
2-сабақ. « Мұғалімдер нені білуі қажет? Сынып мәдениеті және білім алу ортасы». |
|
Уақыты |
45 мин |
1 |
Жалпы мақсаттар |
Тыңдаушылар: 1) «Мектеп мәдениеті» ұғымының мәнін анықтау және түсіну; 2) Жалпы мақсатқа қол жету үшін серіктестік қарым-қатынасты жүзеге асыру; 3) Тренинг сабағында белсенділік таныту, тренинг мәселесін шешуге қызығушылық білдіру.
4) Тренингке қатысу бойынша кері байланыс орнату керек. |
2 |
Табыс критерийлері |
I Курс тыңдаушылары: 1) «Мектеп мәдениеті» ұғымының мәнін біледі және түсінеді; 2) Алған білімді өз тәжірибесінде қолданады; Тыңдаушылар диалог құрудың, топты ұйымдастырудың, топтық рефлексия дағдыларын меңгереді. |
3 |
Түйінді идеялар |
Біріншіден, көшбасшылық; мектеп – бұл ұжымдық сана емес, жаңа оқыту жүйесі әр қатысушының талқылау, дәлелдеу, қарсылыққа төтеп бере алу, қорғану дағдыларын қалыптастырады. Екіншіден, серіктестік; Мәдениеттің өзгеруі қайраттылық пен батылдықты талап етеді; белгісіздік үшін ескі ұстанымнан арылу көзделеді. Әр қатысушының өзгерісте өз орны және қызметі болу шарт. Жаңа оқыту жүйесіне ұжым болып кіру. Мәдениетті өзгерту және оны басқару – маңызды іс. Мектептерде біз қандай құндылықтар мен сендірулер бар? Әр мектептің өз мәселесі бар сол себепті мәдениеті де әр түрлі болу керек. |
4 |
Ресурстар |
Флипчарттар, стикерлер, маркерлер, А-4, түрлі-түсті қарындаштар, қайшы, желім |