“Репрезентативті
жүйе” тесті
Тест сұрақтары:
1.
Мен үшін маңызды шешім қабылдау:
а/ сезімдеріме байланысты;
ә/ көңіл-күйіме байланысты;
б/ көзқарасыма байланысты;
в/ ақыл-ойыма байланысты.
2. Маған сөзі өтімдірек, тез ықпал жасай алатын адам: ол
а/ дауыс интоннациясы әдемі адам;
ә/ сыртқы бет-пішіні әдемі адам;
б/ көңілге қонымды ақыл айтатын адам;
в/ маған жақсы көңіл-күй сыйлаған адам
3. Сіздің тұрмыста қалай тұратындығыңызды білгім келсе:
а/ сыртқы әдемілігіңізге қараймын;
ә/ өзініңізді қалай сезінетініңізді бақылаймын;
б/ сіздің дауыс ырғағыңызға көңіл бөлемін;
в/ сіздің қалай сөйлейтініңізге көңіл қоямын.
4. Мен үшін ең жеңіл:
а/ стереожүйедегі дауыс толқындарын ретке келтіру;
ә/ мені қызықтыратын проблемалық жағдайлардан нәтиже шығару;
б/ жанға жайлы жихаз таңдау;
в/ әр түрлі түстердің комбинациясын табу.
5. Мен тез сезіне қоямын:
а/ жаңа фактілер мен мәліметтердің мағынасын тез түсіне қоямын;
ә/ қоршаған ортада болып жатқан іс-әрекеттерге әрқашан құлақ түріп жүре аламын;
б/ үстімдегі киімнің ыңғайлылығын тез сезіне қоямын;
в/ бөлмеге қараған кезде түстерді ашық түстермен сипаттай аламын.
6. Қоршаған ортадағы адамдар менің тұрмыс-тіршілігім жайлы білгісі келсе, олар:
а/ менің ішкі сезімдерімізді түсінуі керек;
ә/ менің киім үлгілерімді көруі керек;
б/ менің қалай сөйлейтінімді естуі керек;
в/ менің дауыс ырғағыма көңіл бөлуі керек.
7. Менің қалауым:
а/ сіз ғана білетін фактілерді есту;
ә/
сіз ғана салған суреттерді көру;
б/ сіздің ішкі сезімдеріңізге үңілу;
в/
сіздің дауыс ырғағыңызды есту.
8. Мен тек мынадай жағдайларда ғана сенемін:
а/ өз көзіммен көргенде ғана;
ә/ нақты фактілерді естігенде ғана;
б/ бір нәрсені сезгенде ғана;
в/
естіген әңгімелеріме қарай.
9. Менің отбасыма қатысты:
а/ әдетте мен өз отбасы мүшелерінің көңіл-күйін тез сезе қоямын;
ә/ отбасыма қатысты көзге біз мән бермейтін бөлшектердің, киім үлгілерінің,
мүшелердің суреттерін сала аламын.
б/ отбасы мүшелерімнің маңызды сұрақтар төңірегінде не айтатыны жөнінде
білемін.
в/ отбасы мүшелерін дауыс ырғақтарынан ажырата аламын.
10. Мен не үшін оқимын:
а/ қандай да бір заттарды ұғыну үшін;
ә/ қандай да бір заттарды жасау үшін;
б/ қандай да бір жаңалық есту үшін;
в/ қандай да бір жаңа мүмкіндіктерді көру үшін;
11. Маңызды шешім қабылдауда мына мәселелерді ескеремін:
а/ сезімдер атқарушы роль атқаратындығын;
ә/ көңіл-күйіме байланыстылығын;
б/ нақты жауабы көрініп тұратын шешімдерді қабылдауға байланыстылығын;
в/ логикалық оймен байланыстылығын.
12. Маған мыналарды есіме түсірген оңай:
а/ досымның дауысын;
ә/ досымның сыртқы пішінін;
б/ досымның “жақсы ой – еске түсіру” деген сөзін;
в/ досыма деген сезімдерімді.