«Ақмола облысы білім басқармасының  Бұланды ауданы білім бөлімі Капитоновка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Капитоновка отдела образования по  Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

біз әлеуметтік желілерде

Сенім телефоны

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепалды даярлық музыка ҚМЖ тақырыбы: Анашым-мақтанышым

19.11.2017

Тақырыбы:  Анашым – мақтанышым

Мектеп/Мұ: «Капитоновка  ОМ» КММ

Күні: 20.11.2017

Педагогтің  аты-жөні:  Курмахан 

М.

Сынып/ 0 «А»

Қатысқан   балалар  саны: 3

Қатыспаған  балалар  саны: 0

ҰОҚ-нің  оқытылу

мақсаты:

0.1.1.1. Таныс әндерді қарапайым әуендерден ажырату.

0.2.1.1. Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүймелдеумен аспапта, есту

қабілетіне сүйеніп  ән салу.

0.3.1.1. Музыкаға қосылып, оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар

орындау.

Күтілетін  нәтиже

Барлық  балалар:

Таныс әндерді қарапайым әндерден ажырата алады.

Көпшілік  балалар:

Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен және

сүйемелдеусіз таза интонациялап, есту қабілетіне сүйеніп ән сала алады.

Кейбір  балалар:

Ән сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар жасай

алады.

Тілдік  мақсат

 

 

Балалар:

Сүйікті әндері туралы өз ойларын әңгімелей алады.

Әннің көңіл күйін жеткізе алады.

Көптілділік: ана – мама – mother.

негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Музыкалық шығарма, әуен, ән, музыка.

Пікір алмасу сұрақтары:

Композитор деген кім?

Ән айтқанды ұнатасың ба?

Ән

әуеніне сай қандай қимылдар жасар едің?

Өткен  ҰОҚ-нен алған  білім

Балалар өткен сабақта үйренген әндерін қайталайды, сол

әуенге сәйкес би қимылдарын  жасайды.

Өз  шығармашылықтарын  көрсетеді.

Жоспар

Жоспарланған  уақыт

Жоспарланған  іс-әрекет

Ресурстар

Дұрыс әсерлі көңіл күй  орнату   0-2 минут

 

Балалармен амандасу. Өткен сабақта не өткенімізді

қайталап, еске түсіру.  Қандай музыка

тыңдағанымызды және ол не туралы екенін баяндау.

 

Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам

3-5 минут

– Әлемдегі ең қымбат жан кім деп ойлайсыңдар?

Суреттен түрлі мамандықтарды көрсетіп, ана – аспаз, ана – дәрігер, ана –ұстаз,

ана – күтуші екенін түсіндіру.

– Ананың аялы алақаны сендерді әрқашан қорғап, қолдап отырады. Бүгінгі  тақырыбымыз сол аяулы аналар жайында болмақ.

Аналардың

суреттері, түрлі

мамандықта

жүрген

аналардың

суреттері суреттері

ҰОҚ-нің ортасы

III. Тақырып бойынша

жұмыс   6-27 минут

 (Т, Ж) Дауыс жаттығулары: «Әлди-әлди» халық әні. Бұл ән ұйықтар  алдында айтылатындықтан әнді айғайламай,

байыппен, баяу айту қажет.

(Т, Ж) Ән айту: «Ақ мамам» (муз. М. Күзембаев, сөзі Г. Жотаева).

Әнді  орындап, балалардан сұрақ-жауап

аламын. Әннің кім  туралы айтылғанын,

қандай көңіл күйде орындалатынын (көңілді, көңілсіз, баяу, жүрдек) әңгімелеу.

Әннің мәтінін қайталап, әуенге қосылып

айту. Балалар мәтінді анық айтуын, бір-бірін тыңдай отырып әндетуін  қадағалау.

(Т) Музыкалық-ырғақты

қозғалыс: «Сылдырмақты серуен» 

(муз. Ж. Тезекбаев).

Музыка әуеніне ілесіп сылдырмақтың көмегімен ырғақты қимылдар жасау.

Балалардың ырғаққа дұрыс ілесіп орындауларын қадағалау. Әуенге ілесіп мәнерлі

қимылдар келтіру.

(Т, Ж) Әліппе-дәптермен

жұмыс:

1-сабақ. Айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: Анаң сені қалай  еркелетеді? Сен анаңа қандай тілек айтар

едің? Сүйікті анаңа сыйлайтын  гүлдердің

суретін салып, боя.

Бубеннің дауысы қандай? Ол қандай аспаптың түріне

жатады (ұрмалы, ішекті)? Суретке мұқият қара. Тасбақа, қоян, қасқырдың

жылдамдықтары әртүрлі. Бубенге қайсысы тез жетеді?

«Әлди-әлди»

халық әні

«Ақ мамам» әні

Сылдырмақ-

тармен музыка

әуеніне ілесіп

қимылдар

жасау

Әліппе-

дәптермен

жұмыс жасау

үшін түрлі түсті

қарындаштар

ҰОҚ-нің қорытындысы.

Рефлексия

28-30 минут

(Р) – Балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақ қалай өтті?

– Анасына арнап кім ән айта алады? (Сабақтан тыс үйренген әндерінен).  Бүгінгі сабақ туралы балалардың пікірлерін тыңдау.

Сабақты балалардың

көмегімен қорытындылау, бағалау.

– Егер сабақ қызықты өтті деп ойласаң, әліппе-дәптердің төменгі  бұрышындағы ортасында соль кілті бар шеңберді

жасыл түспен, ал қызықты болмаса, қызыл түспен бояп белгіле.

Әліппе-дәптер,

түрлі түсті

қарындаштар

Просмотров: 2104


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст