Қазақ тілі 3-сынып
Сабақтың тақырыбы: Етістікті
қайталаймыз.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың
етістіктен алған білімдерін
тиянақтау, бекіту, нақтылау,
білім дағдыларын қалыптастыру;
Дамытушылығы: Логикалық
ой – қиялдарының,
шығармашылық ізденістерінің дамуына
ықпал ету;
Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа,
адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интербелсенді
тақта, сөздер жазылған
қима қағаздар, арқан,
суреттер.
Әдісі: сұрақ –
жауап, СТО кейбір
стратегиялары , «Ой шақыру» стратегиясы, «Топтастыру» стратегиясы, «Сақина тастау», «Кім
зерек?»,«Көкпар» ойыны,«Жидек
жинау»,
Венн диаграммасы,
үш түсті
жетондар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық.
ІІ. Үй жұмысын
тексеру: «Сақина
тастау» ойыны арқылы ауызша
сұрау.
107 – бет 5 –
жаттығуда немере, шөбере, айна,
асық сөздерін үш
жақта тәуелдеп жазу.
«Ой шақыру» стратегиясы: ( жаңа сабаққа
дайындық)
-Балалар, біз қазақ
тілінен қандай сабақтарды
қайталап жатырмыз ?
(Сөз таптарын)
-Қанеки, сөз таптарын
атай қойыңдар ?
-Зат есім нені
білдіреді және қандай
сұрақтар қойылады ?
-Зат есімнің
түрлерін атаңдар ?
-Тәуелдік
жалғауы дегеніміз не ?
3
-Әр екі әріптен
кейінгі әріпті оқу
арқылы сөз құрастырыңдар.
КӨРКЕМДЕДІ – қай
сөз табы ? (Етістік)
-Етістік
дегеніміз не ? (ережесін
сұрау)
ІІІ. Жаңа сабақ.
«Топтастыру» стратегиясы:
Топқа бөлу: Оқушылар
сандықтың ішіндегі қағазды
алады да сөзді
оқиды. Етістіктің қай
түрі екенін айтады.
Шақыр, күт, оқы -
негізгі етістіктер – « Негізгі етістік»
тобы
Тазала,
арала, әшекейле – туынды етістіктер – « Туынды етістік»
тобы болады.
Етістік тұлғасына қарай
|
Етістік құрамына қарай
|
туынды
|
негізгі
|
күрделі
|
дара
|
Дәптермен жұмыс: 1. Күн
ретін жазғызу
Көркем жазу
Яя
4
Япыр –ай, аяулы, тақия
1-жаттығуды «Кім зерек ? » ойыны арқылы
орындаймыз.
Ойынның
шарты: Жаттығуды жылдам
әрі дұрыс орындаған
топ оқып, айтып береді де
жетонға ие болады.
Тапсырма: Етістіктерді тауып
астын сыз. Қай
сөз табымен байланысып
тұрғанын сызба арқылы
көрсет.
«Негізгі етістік» тобы :
«Туынды етістік»
тобы :
2-жаттығу: «Көкпар» ойыны арқылы
орындаймыз.
Әдеттенген, аралады, ақылдасты,
көркемдейді, жұмырқалайды.
Тапсырма: Туынды етістіктерді
сөз құрамына талда
және қай сөз
табынан екенін анықта.
IV. Сергіту сәті: Тік тұрам
да орнымнан,
Таянамын бүйірді.
Топылдатып аяқты,
Шапалақтап қолымды,
Басымды мен
шұлғимын².
Құс қанатша
қолымды,
Екі жаққа
жаямын.
Бір отырып,
бір тұрып,
Орнымды мен
табамын.
3-жаттығу:
Тапсырма: Өлеңнен туынды
етістік кездесетін шумақты
көшіріп жаз.
1-топ: Жазған
шумақтарын оқып береді.
2-топ: Бұл
шумақтағы туынды етістікті
анықтайды.
Өлеңнің тақырыбын
талдау .
Шығармашылық тапсырма: «Жидек
жинау» ойыны:
Ойынның шарты: Жидектерде
берілген сөздерді тиісті
себеттеріне
жинау
5
Қорытындылау:
Біз бүгін қандай
сабақты қайталадық ?
Негізгі
етістік пен туынды
етістіктің ерекшеліктері неде ?
Ортақ
қасиетін айтыңдар ?
Венн
диаграммасы арқылы сабақты қорытындылаймыз.
етістік
туынды етістік
|
негізгі
етістік
|
Үйге тапсырма: 109 – бет Өлеңді жаттап
келу
Бағалау: Екі топтың жетондарын
санау арқылы бағаланады.
6
Математика 2- сынып
Тақырыбы: Қайталау –
білім анасы
Мақсаты:
Білімділігі: Периметр табу,
құрама есептер шығару,
жақшалы өрнектің мәнін
табу, сағат, минут,
амалдарды орындау арқылы
өткен сабақтардан алған
білімдерін қайталап, пысықтау.
Дамытушылығы: Математикалық
тілін, логикалық ойлауын,
ауызша қосу және азайту
дағдысын, есте сақтауын,
қиялын, зейінін, тапқырлық
қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Жылдам есептеуге,
тапқырлыққа,
жауапкершілікке, еңбексүйгіштікке, достық
қарым – қатынасқа, тазалықты сақтауға,
ұлттық ойын, салт-дәстүрді
санасына сіңіру, ұлттық тәрбие
беру.
Әдісі: Хабарлау, сұрақ-жауап,
түсіндіру, салыстыру, талдау.
Көрнекілігі: Әріптер мен
цифрлар жазылған кәмпиттер (қатырма қағаздан жасалған),
теңгелер, геометриялық пішіндер, аттың
суреттері, өрнектер жазылған қағаздар.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық.
Қонақ күту салтымыз
Оқып біліп
жатырмыз
Келген қонақ
сіздерге
Сәлем бердік
жалпымыз.
С ә л е м е т с і
з д е р м е ?
7
Қазақ халқы ежелден
қонақжай халық. Қонақ
келгенде бар жақсысын қонаққа береді.
Ал, біз қонақтарға
жақсы білімімізді көрсетейік.
II. Үй
тапсырмасын тексеру.
III. Тақырыппен таныстыру:
Балалар, бүгінгі
сабағымыз күндегіден ерекше
болғалы отыр. Себебі,
бүгінгі сабағымызды тойға
байланыстырғалы отырмыз,
яғни бүгін бізде
той. Тойда әдетте
шашу шашылып, ұлттық
ойындар ойналады.
-Сендер
қандай ұлттық ойындарды
білесіңдер?
-(ат жарысы,
көкпар, теңге ілу, айтыс өнері)
1-тапсырма: Шашу
шашу.
Ендеше, кәмпиттерде
жазылған цифрларды өсу
ретімен қойып, келесі
жағын айналдырыңдар.
Қанеки, жазған
сөзімізді оқиық.
14 12
11 40 6 32 60
5 10 8
80 8 28
23 18 17
16 7 3
30
Қайталау – білім анасы
-Бұл біздің сабағымыздың
тақырыбы.
Сонымен,
тойымыз ашық. Дәптерімізді ашып, бүгінгі
күннің ретін жазамыз.
2-тапсырма: Көрпе төсеу.
8
Қонақ
келгенде алдымен астына
не төсейміз?
-Көрпе
Ендеше мына геометриялық
пішіндерді құрастырып шығыңдар.
Не құрастырдыңдар? ( Көрпе)
Қандай
геометриялық пішін? (
тіктөртбұрыш, шаршы)
Енді осы тіктөртбұрышпен шаршының
периметрін табыңдар.
Тіктөртбұыштың
ұзындығы- 29 см, ені – 20 см
Шаршының
қабырғалары – 20 см
Екі оқушы тақтаға
қалғаны дәптерге орындайды.
3-тапсырма: «Теңге
ілу»
-Әр қатардағы теңгелердегі
«артық» сан жазылған
теңгені тауып іліп
алыңдар.
55
|
66
|
77
|
99
|
43
|
57
|
79
|
86
|
23
|
9
|
11
1
|
44
|
59
|
-Неліктен
артық деп ойлайсыңдар?
Оқушылардың пікірлері
толықтай тыңдалады.
4-тапсырма: Айтыс
ұлттық өнері. Суретін іліп, қысқаша
мәлімет беру.
Есептер шығару: Жұппен
жұмыс
1-жұп:
Ақындар
айтысын тамашалауға театрға 13 бала, одан
60 – ы артық үлкендер жиналды.
Ақындар айтысын тамашалауға
театрға барлығы неше
адам жиналды?
9
2 – жұп:
Тігіншіде 25
шарғы ақ
және 20 щарғы қара
жіп болды. Ол
15 шарғы жіпті
жұмсады. Тігіншіде неше
шарғы жіп қалды?
3-жұп:
Су қоймасында 26 үйрек
және 24 қаз
жүзіп жүрді. 14
құс ұшып кетті.
Су қоймасында неше
құс қалды?
-Әр жұптан бір-бір оқушы
тақтаға қалғаны дәптерге
орындайды.
Сергіту сәті:
Ұзын мұртты
құмырсқа
Келе жатты
жұмысқа
Допты алды
қолына
Қойды допты
орнына
Оң жағына
қарады
Сол жағына
қарады
Биік тау
деп ойлады.
5-тапсырма: Көкпар
( ауызша)
40+10+20=
(11 – 4) – 7
=
83мин =
сағ мин
(
40+20) -50=
( 37 ?
2) ? 4 =35
70мин = сағ
мин
(
60 – 20) – 30=
(37
? 2) ? 5=30
1 сағ 16мин =
мин
1сағ
30мин = мин
2тәул
1сағ = сағ
1 тәул 2 сағ
= сағ
6 – тапсырма: Ат жарысы (
Бәйге)
Деңгейлік тапсырма:
10
Аттың
суреттерінің артқы жағындағы
тапсырмаларды орындайды. Әртүрлі
тапсырмалар беріледі.
- Кім қатесіз,
жылдам орындаса соның
аты мәреге бірін-ші
болып келді деп
санаймыз.
7 – тапсырма: Сағат уақыт
сызылған сағаттар суретін
таратып беремін.
-Балалар,
біздің сабағымыз аяқталуға
жақындады. Әрқайсыңның алдарыңдағы сағаттың
қай уақытты көрсетіп
тұрғанын айтып беріңдер?
-Барлығынан
сұрап шығу.
IV. Қорытындылау:
- Бүгінгі
сабақта біз нені
еске түсірдік?
- Сендерге не қиын
болды?
- Не қызықты болды?
- Бүгінгі
сабақ сендерге ұнады
ма?
V. Үй
тапсырмасы: 122 – бет № 6
VI. Бағалау: Сабаққа
белсене қатысқан оқушыларды
бағалап және барлық балаларды
мадақтау .
11
Дүниетану 1-3 шағын жинақты сынып
Сабақтың тақырыбы: Су және оның қасиеті
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға судың қасиеті, тіршілік үшін маңызы,
табиғаттағы таралуы жөнінде түсінік беру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың
ізденушілік - зерттеушілік әрекеттерін жетілдіру, дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелілігі: Қоршаған ортаға деген
сүйіспеншілігін арттыру, суды қорғау, тазалықты сақтау сияқты адамгершілік
қасиеттерін тәрбиелеу, табиғатты аялап, табиғи ортаның біртұтастығын түсіндіре
отырып, экологиялық, адамгершілік тәрбие беру
Сабақтағы көрнекіліктер, құралдар: физикалық карталар кескін карта, суреттер, кесте,
сызба нұсқалар, су құйылған ыдыстар.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу,сұрақ-жауап,
жобалау әдістері ,бақылау әдісі, СТО стратегиясы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру, қызығушылықты арттыру.
Армысыздар, балалар,
Дайынбыз ба сабаққа?
Шебер, шешен өнері
Сай келейік талапқа.
Бар ма үйден дайындық?
Тапсырмамыз дұрыс па?
Ойымызды айтайық,
Білімімізді бастайық.
ІІ. Ой шақыру:
Ол сендердің білімдеріңді бекітетін,аралас сабақ. Тақырыпты ашпастан бұрын, сендерге бір
құпия қонақтың хатын оқиын, ал сендер оның кім екенін табыңдар!
12
Құпия қонақтың хаты:
Мен сұйықпын да, мұзбын да,
Тамшысымын жаңбырдың.
Оюланған қыраумын,
Жылымын да, салқынмын.
Шөлдесең кеуіп кенегең,
Мейіріңді қандырдым.
Сыйлаймын мен тазалық,
Рақат беріп денеңе,
Айта қойшы кіммін мен? (Су)
- Қандай белгісінен білесіңдер?
Күнде қолданып жүрген судың қандай
пайдасы бар?
ІІІ.
Жаңа сабақ. Кіріспе
1/ Тақырыппен
таныстыру 2/ Мақсат қою.
Су жер бетінде көп кездеседі. Сусыз тіршілік жоқ. Жер бетінің 2/3 бөлігін су алып жатыр. Су
табиғатта көп. Олар: өзен, көл, мұхит, теңізде бар. Су табиғатта өте жақсы
еріткіш. Біздің қаламызда қандай өзен, көлдеркездеседі? Жем өзені, Құрсай
өзені, Қамыскөл көлі. Ендеше біз бүгін суда қандай заттардың еритіні туралы
білеміз.
Топқа бөлу. 1 –топ,
2- топ
IV. Оқулықпен жұмыс: мәтінді оқу
V. Практикалық іс-әрекет:
Тәжірибе. (1-сынып)
1-топ.
1)
Суға қант салып
араластырайық. Қант еріп кетті. Су мөлдір күйінде қалды. Судың дәмі тәтті
болды. Қант
суда жақсы ериді.
2)
Шыны ыдысқа сүт,
екінші шыныға су құй. Екеуін салыстыр. Сүт-ақ, ал су – түссіз.
Тәжірибе. (3-сынып)
2– топ.
Стақандағы суға құм салып араластыру. Құм қиыршықтары
13
сол қалпында стақан түбіне шөгеді. Құм суда ерімейді.
1.
Бірнеше ыдысқа:
кесеге, шыныға, стақанға су құй. Су қандай пішінге ие болды? Әрбір
құйылған ыдыстың дәл өзіндей емес пе? Олай болса, судың
тұрақты пішіні болмайды. Ол құйылған ыдыстың пішінін алады екен.
VI. Бақылау күнделігімен жұмыс.
Жасаған тәжірибе бойынша суда еритін, ерімейтін заттарды жазу.
Не аламыз? |
Нені бақылаймыз? |
Қант |
еритінін |
Сүт |
Түсін |
Құм |
ерімейді |
Стақандағы су |
пішінін |
VII. Бекіту. Топпен
жұмыс. (Тамшылар
тапсырмасы)
- Тамшы сендерге мына парақтарға судың қандай қасиеті бар екенін жазуды
ұсынады.
VIII. Қорытындылау.
3-сынып
- Балалар, Тамшыға көмектесейікші. Мына сөздерді орнына
қойып, сөйлем құрастырайық. (нәрі, тіршілік, су-)
Су – тіршілік нәрі.
1-сынып
Неге солай айтамыз?
- Жарайсыңдар, балалар. Біз Тамшыға көмектестік.
Тамшы келесі
сабақта тағы да кездесеміз дейді.
Ол үшін үйде оқып, мазмұндап келеміз.
Бағалау: