Ойлан,
тап!
Қырғауылдар
мен қояндар
Қапаста қырғауылдар мен үй қояндары бар.Олардың бастары
19,ал аяқтары 62 қапаста неше қырғауыл,қоян бар?
4 балаға
3 алма
Үстел үстінде 3алма тұр.Дастархан басында 4бала
отыр.Осыларға 3алманы тең бөліп беруі керек.Қанеки,кім айтады?
Қанша бала?
Мұз айдынында 7 бала
Асыр сап жүр сырғанап
Сырғанамай екі бала
Жағалауда тұр қарап
Енді осы бар баланың
Санын айтсаң-жарадың
Қаншамыз?
Ағам бізді жинады
8қолғап сыйлады.
Бірін кидік оң қолға
Бірін кидік сол қолға
Қамқор болған ағамыз
Біздер қанша боламыз?
Қанша құс
Жем шашып ем құстарға
Келіп қонды 3 қарға
Көңіл қимас достардай
Жетіп келді 5торғай
Жұбын жазбай
Топтанып
Теріп жеді 5 тауық
Айт қанша құс келгенін
Қанша құсты жемдедім?
15
Қанша тырна?
Аспан қандай күздегі!..
Қарап тұрмын ауладан
Тырналардың тізбегі-
Сүйір бұрыш аумаған
Әр қанатта-он бірден
Басшысынан бөлегі
Бар тырнаны кім бірден
Тез есептеп береді?
Қанша қауын?
Самат қаппен арқалап
5қауыннан тасыды
Қабы болмай ал Талап
Қос қауыннан тасыды
10реттен сабылып
Екеуі әбден сабылып
Тасып алған қауынның
Қанша болды бар саны?
Неше оқушы?
Ортаға әкеп тосты Оспан
37 қаламды
Тиді әркімге қос-қостан
Балалардың бәрі алды
Өзгелерден 1қалам
Артық тиді Күләшқа
Береді айтып кім маған
Неше жан бар сыныпта?
Неше жапырақ?
Тал басында
Тізіліп
10жапырақ тұр еді
Жел соқтыда
Үзіліп
Ұшып кетті біреуі
Ізінше оның
16
Жұлынып
Түсті тағы біреуі
Тұр әлі де ілініп
Жапырақтың нешеуі?
Қанша
жаңғақ?
Портфелімде әуелі
13жаңғақ бар еді
Науат пенен Маратқа
Самат пенен Сағатқа
Апасына Қанаттың
2-2ден тараттым
Қанша жаңғақ қалғанын
Айта қойшы,ал,жаным
Қаздар
Көлден ұшты 7қаз
Қайтып қонды 2қаз
Қонбады оның нешеуі
Қане,кім тез шешеді?
Неше құс?
Су құйып ем астауға
3қаз ұшты аспанға
3қасқалдақ,бірқазан
2үйрек,1қарға
1көксерке,1қарға
Қосылды кеп бұларға
Айт,неше құс ұшып жүр
Неге екенін түсіндір
Қанша кісі ?
Атам,әжем,аға мен
Әкем,інім және мен
Анам және енесі
17
Енесінің бөлесі—
Отыр едік шай ішіп
Жеңгем кірді майысып
Арқасында –кіші інім
Саны қанша,айта ғой
Үйдегі бар кісінің?
Қанша
қап?
Үйге жұмсап Жарқынды
Алдырдық біз 3 түйе
Қос қап бидай артылды
Әр түйе үстінде
Тапқыр болсаң,ал санап
Бидай алдық қанша қап?
Қанша сәбіз
еді?
Біздің үйде көжек көп
Іштерінде өжет көп
Әсіресе 5көжек
Маған нағыз дос көжек
Қолымнан кеп жем жейді
Басқалары келмейді
5көжекке достасқан
Сәбіз бердім қос-қостан
Бір сәбізім соңында
Қалып қойды қолымда
Сәбізімді әуелгі
Санап берші ал енді
Қанша жұмыртқа қалды?
Тауықтардың біреуі
5балапан шығарды
Көптен күтіп жүр еді
Інім қатты қуанды
10жұқмыртқа бастырған
18
Күте-күте шаршады
Тауығының астында
Жатыр әлі қаншауы?
1топ бала
1топ бала тоғаннан
15балық ұстады
Бөліскенде оларды
Тиді әркімге 3балық
Сынайын 1ал сені
Бала саны қанша еді?
Тез есепте
Жайылып жүр 8лақ
3еуі оның егіз лақ
Есептеуге
Сен шебер
Бала болғың келсе егер
8лақтың енесін
Тез есептеп бересің .
Өнерлі балалар
Қанат, Марат екеуі
Қамшы өре алады.
Таңат, Талап екеуі
Тамаша ән салады.
Самат, Сағат екеуі
Төгілтіп күй шертеді.
Бабақ, Барақ екеуі
Біледі көп ертегі.
Абақ, Манат екеуі
Ат үйретіп жүреді.
Жанат, Манат екеуі
19
Киім-кешек тігеді.
Балаларды өнерлі
Есептеп сен көр
енді.
Қанша ара?
Алшаға кеп
Күнара
Қонушы еді бір ара.
Бүгін тоғыз туысын
Ертіп келді бұл
ара.
Сонда бүгін алшаға
Келіп қонды қанша
ара?
Неше есек?
Шығармақ боп кеше
есеп,
Жиналған-ды
бес есек.
Үшеуі ұйықтап отырды,
Ынталысы неше есек?
Қанша тұяқ?
Тоғыз қойдың ақпанда
Егіз туды жетеуі.
Қырға көшіп жатқанда,
Жалқы туды екеуі.