«Ақмола облысы білім басқармасының  Бұланды ауданы білім бөлімі Капитоновка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Капитоновка отдела образования по  Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

біз әлеуметтік желілерде

Сенім телефоны

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сынып сағаты. Тақырыбы: Ел болашағы – білімді ұрпақ

19.11.2017

Тақырыбы: Ел болашағы – білімді ұрпақ

 Мақсаты :

Оқушыларды елін сүюге, бірлікке, ел тарихын

білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын

қорғауға, елімізді өркендетуге, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі

Кіріспе сөз: 2014 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан

Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат,

бір мүдде, бір болашақ атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланған болатын.

Ондағы басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы.

Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің

кемел келбеті. 

Елбасының сөзімен айтқанда, «Қазақстан-2050»

Стратегиясы – барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін

жаңғыру жолы. Ол – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын,

сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны мүлтіксіз орындап,

емтиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет! 

Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың

бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады.

Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының

Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген

мақсаттарды көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық

мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті

технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі

ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ. 

Елбасының әр Жолдауы - толғауы терең қайталанбас

дүние. Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес

құндылығы – балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы,

әке мен бала, бала мен ана мәселесіне –«Бала тәрбиелеу - болашаққа үлкен

инвестиция» деуінде үлкен мән  жатыр. Бұның  барлығы  ұлттық

 құндылықтарды

сақтап, дамытуға бағытталған  әрекет. Болашағымызға  бағдар  ететін, ұлтты

ұйыстырып, ұлы мақсаттарға  жетелейтін  идея  бар. Ол – Мәңгілік Ел

идеясы. Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың  сан  мың

 жылдан  бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен  терезесі  тең қатынас құратын, әлем  картасынан  ойып  тұрып

орын  алатын Тәуелсіз Мемлекет атану.  

Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі

жарқын болмақ. 

Шын мәнінде білім бар болғаны кілт қана,

оның  орнын  тауып  қолдана білсең ғана күш - қайратқа ие боласың.

- Ұлт тірегі – білімді ұрпақ қолында,

Ізденіңдер, білім алу жолында.

Еліңді сүй, жеріңді сүй құрметте,

Бүлдіршіндер алау оттай жалында, дей отырып  сендерге 

мына  бір  сұрақтарға 

жауап  беріп  көріңдер.

1 - оқушы.

1. Дененің 

қызуын  өлшейтін  құрал (градусник)

2. Адамдардың қатынас құралы (тіл)

3. Қан соратын жәндік (маса)

4. Өсімдіктің мүшелері (жапырақ, сабақ, тамыр,

гүлі, тұқымы)

5. Ұзындық өлшем бірлігі (км, м, дм, см, мм)

6. Жер күнді айнала ма, күн жерді айнала ма?

7. Біздің туда не бейнеленген – Ұлттық ою қошқар

мүйіз, қыран бүркіт, күн

8. Қазақтың ең бірінші ұшқыш ғарышкері Тоқтар

Әубәкіров

9. Абылайханның шын аты (Әбілмансұр)

10. Қазақтың атақты суретшісі (Ә. Қастеев)


2 - оқушы

1. Мемлекеттік рәміздерді ата - Әнұран, Елтаңба,

Ту

2. Әнұран қандай жағдайда орындалады –

салтанатты жиындарда

3. Есту мүшесі не - құлақ

4. Үш биді ата - Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би

5. Күйді орындайтын адам кім - күйші

6. Периметрді қалай табамыз - барлық қабырғаларын

қосамыз

7. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін кім жазған -

Ыбырай Алтынсарин

8. Балды жақсы көретін аң – аю

9. Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе –

надандық, еріншектік, залымдық.

10. Жас күнінде суретші болуды армандап, кейін

белгілі балалар жазушысы болған кім? –

Б. Соқпақбаев


3 - оқушы

1. Қ Р - ның әнұранының авторларын ата.

2. Ауданды қалай табамыз – екі қабырғасын

көбейтеміз

3. Біз қай тілде сөйлейміз – қазақ

4. 40 пен 6 ның көбейтіндісінің мәні неге тең -

240

5. Көру мүшесі не - көз

6. Біздің президентіміз кім – Нұрсұлтан

Назарбаев

7. Аюдың баласы не деп аталады – қонжық

8. Бие сүтінен не дайындалады қымыз

9. Көкөністерге нелер жатады – сәбіз, картоп,

орам жапырақ, қызанақ.

10. Қу аң – түлкі


4 - оқушы

1. Елтаңбаның авторы кім -

2. Қай жануар жылға ілікпей қалды – түйе

3. Кітап сөзінің бас әріпі – К

4. Екінші қазақ ғарышкері - Талғат Мұсабаев

5. Мезгілдерді ата – қыс, жаз, көктем, күз.

6. Қазақстан Республикасының Астанасы – Астана

7. Тиін нені жақсы көреді – жаңғақ

8. Иіс сезу мүшесі – мұрын

9. Мақта Қазақстанның қай жерінде көп өсіріледі

– Оңтүстік Қазақстан

10. Әлемде неше мұхит бар – 4

2. Топтық жұмыс./  «Егер мен Президент болсам...» тақырыбында ой

тастап, өз жұмыстарын қорғайды. Оқушыларға көмекші сөздер мен суреттер

беріледі./ 

3. Қорытынды: Сабақты қорытындылау мақсатында

балаларға бір-бір сөзден беріледі. Сол сөздерді пайдалана отырып, әр оқушы өз

елімізге деген тілектерін білдіреді. Өз тілектері жазылған стикерлерді

«Мәңгілік ел» плакатына жабыстырады. 

Мұғалім сөзі: Бүгінгі «Ел болашағы – білімді ұрпақ»  атты сынып сағатымызды аяқтаймыз. Еліміздің  тұғыры  мықты,

ұрпақтары  білімді  болсын!!! 

 


  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


1. Дененің 

қызуын  өлшейтін  құрал

2. Адамдардың 

қатынас  құралы

3. Қан 

соратын  жәндік

4. Өсімдіктің мүшелері

5. Ұзындық өлшем бірлігі

6. Біздің туда не бейнеленген

7. Қазақтың

ең бірінші ұшқыш ғарышкері

8. Абылайханның шын аты Тоқтар Әубәкіров

9. Қазақтың атақты суретшісі

 

 


1. Мемлекеттік рәміздерді ата

2. Әнұран қандай жағдайда орындалады

3. Есту мүшесі не

4. Үш биді ата

5. Күйді орындайтын адам кім

6. Периметрді қалай табамыз

7. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін кім жазған

8. Балды жақсы көретін аң

9. Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе



1. Қ Р - ның әнұранының авторларын ата.

2. Ауданды қалай табамыз

3. Біз қай тілде сөйлейміз

4. 40 пен 6 ның көбейтіндісінің мәні неге тең

5. Көру мүшесі не

6. Біздің президентіміз кім

7. Аюдың баласы не деп аталады

8. Бие сүтінен не дайындалады

9. Көкөністерге  нелер жатады



1. Елтаңбаның авторы кім -

2. Қай жануар жылға ілікпей қалды

3. Кітап сөзінің бас әрпі

4. Екінші қазақ ғарышкері

5. Мезгілдерді ата.

6. Қазақстан Республикасының Астанасы

7. Тиін нені жақсы көреді

8. Иіс сезу мүшесі

9. Мақта Қазақстанның қай жерінде көп өсіріледі


 

 

Просмотров: 2493


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст