Түсінік
хат
Негізгі орта
білім деңгейінде «Биология» пәнін оқыту табиғат заңдылықтары туралы және
адамның табиғатпен үйлесімді
қарым-қатынасы туралы білім қалыптастыруға, экологиялық мәселелерді танып
білуге бағытталған.
Оқытудың мақсаты
органикалық әлемінің құрылысы мен тіршілік әрекеттерінің ерекшеліктері туралы
алғашқы көзқарасты дамыту, органикалық дүниенің көптүрлілігі орта жағдайларына
бейімділіктің нәтижесі екенін ұғындыру, эволюциялық теорияның және экологиялық
ойлаудың негіздері туралы, тірі оганизмдердің жасушалық құрылысының негізге
алынатын түсініктері туралы, организм және биоценоз тіршілік деңгейінің негізгі
формалары екендігі туралы көзқарас қалыптастыру, Жер табиғатындағы биологиялық
әртүрлілік оның тұрақты дамуының негізі екендігі туралы, тірі организмдердің
жасушаға дейінгі құрылысы туралы негізге алынатын түсініктер қалыптастыру, тірі
табиғаттағы көптүрлілік эволюцияның нәтижесі екендігін оқушыларға ұғындыру,
өсімдіктер мен жануарларды жүйелеп жіктеу туралы ұғым қалыптастыру, тірі
организмдердің өзара және тіршілік ортасымен қарым-қатынасын, өсімдіктер,
жануарлар, микроорганизмдер, саңырауқұлақтар дүниесінің ерекшеліктерін, олардың
табиғаттағы, адам өміріндегі және жалпы тіршіліктегі жоғары мәні туралы
білімнің құндылығын ұғыну.
Оқытудың міндеттері:
оқушылардың органикалық табиғатты оқытуда танымдық қызығушылық
дамыту;
тірі табиғат туралы білімін тереңдету;
«Өсімдіктер», «Жануарлар», «Адам», «Жалпы биология» бөлімдерін оқып
білуге қажет тіректік білімдер мен негізге алынатын түсініктер қалыптастыру
үшін жағдай туғызу;
оқушыларда тіршілік құбылыстарының заңдылықтарын оқып білуге
танымдық қызығушылық қалыптастыру;
жаратылыстану ғылымдарын оқу барысында тірі табиғат туралы алған
білімдерін дамыту;
оқушыларда органикалық дүниенің біртұтас табиғи бейнесі туралы
көзқарас қалыптастыру;
өзінің білімін практикада қолдануға дағдылануды қалыптастыру;
оқушыларда табиғатты тиімді пайдалану және қорғау, медицина, ауыл
шаруашылығы, биотехнология салаларында еңбек ету дағдыларын дамыту.
8-сыныпта биологияны
оқытудың ерекшелігі «Адам және оның денсаулығы» бөлімін оқыту болып табылады.
8 – сыныпта «Адам
және оның денсаулығы» бөлімі оқылады. Алдымен ұлпа жасушасының, мүшелер және
мүшелер жүйесінің, тұтас организмнің құрылысы туралы білімдерді қамтитын жалпы
мәселелер қарастырылады., одан кейін организм қызметінің жүйкелік және
гуморальдық реттелуі оқылады. Адамның биологиясын барлық қырынан қарап зерттеу
анатомия, морфология, физиология, адам гигиенасы, салыстырмалы цитология және
гистология арқылы жүзеге асырылады.8 – сыныпта «Биология» пәнін игеруде
оқушылар қоршаған ортада және адамның тіршілігінде жүріп жатқан заңдылықтар мен
процесстер (зат және энергия алмасу, онтогенез) туралы білімді меңгеру, күрделі
емес тәжірибе- эксперименттік мәселелер шешу; салауатты өмір салты түсінігін
меңгеру, оқыған материалына талдау жасап, жіктеп, кесте құрып, сызбанұсқалар
құрастырып үйрену; ақпаратпен жұмыс істеудің түрлі тәсілдерін оқып үйрену,
алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін игеру және адамның жасушасы,
мүшелер және мүшелер жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру.Негізгі орта білім
деңгейінде оқушының жеке дамуы, табиғатты тиімді пайдалану және қорғау,
медицина, ауыл шаруашылығы және биотехнология салаларында меңгерген білімдерін
пайдалану жүреді. Оқушылар салауатты өмір салты және адам гигиенасы бойынша
білімдерін практикада пайдаланады; өмірдің мәнін ең жоғары дәрежедегі құндылық
ретінде түсінгенін көрсете біледі.