Пән: Әдебиеттік оқу
Өткізген күні: 02.03.17
Сабақтың тақырыбы: Менің анам
Сабақтың мақсаты:
1.
Өлең мазмұны бойынша тақырыпты кеңінен ашу.
Өлең авторымен танысу.
2.
Оқушылардың ойлау, есте сақтау, шығармашылық
қабілеттерін дамыту.
3.
Топта бір – бірін тыңдауға, аналарын құрметтеуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдістері: сұрақ –жауап, түсіндіру, әңгімелеу, «Конверттегі
сұрақ» әдісі, аудиожазба, кестемен жұмыс, сызба толтыру, топпен жұмыс, «Иә, жоқ»
тұжырымдамасы
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі
Көрнекілігі: Табиғат суреттері, интерактивтік тақта
Сабақтың барысы
I.
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Келнен қонақтармен үш тілде амандасу.
II.
Шаттық шеңбері:
Оқушылар шеңберге тұрып, бір – біріне есімдерінің бастапқы әрпі бойынша
тілектерін тілейді.
III.
Үй тапсырмасын
тексеру.
«Конверттегі сұрақ» әдісі
Оқушылар үйден дайындап келген конверттегі сұрақтарын бір
– бірімен алмастырып, жауап береді.
IV.
Жаңа сабақ
Аудиожазба тыңдату: Монолог. «Ана»
-
Бүгінгі тақырып кім
туралы болмақшы деп ойлайсыңдар?
-
Тақырып атауын 3
тілде айту.
-
Сабақтың мақсатын
айту
-
Осы мақсаттарға
жету үшін не істеу керек?
• Автор
жайлы мағлұмат беру. Сағи Жиенбаев
Өздік
жұмысы: Кесте толтыру
Автор жайлы
алған білімдерін кестеге жазады.
Туған жылы |
1934 ж. 5-ші мамырда
|
Туған жері |
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Оймауыт ауылы |
Сағи Жиенбаев кім? |
ақын
|
Шығармалары |
Сыйлық, Ақ толқын, Қайырлы таң, Әлия, Оймауыт т.б |
Кімнің өлеңдерін қазақшаға аударған |
Пушкиннің, Лермонтовтың, Ғамзатовтың |
«Ана» сөзіне сызбаларды толтыру
Қандай?
• Оқулықпен жұмыс
-
Өлеңді тізбектей
оқу
-
Мағынасын ашу
-
Жетекші сұрақтар:
1. Баланың басынан өткен оқиға қайда болған деп ойлайсыңдар?
2. Баланың анасына деген сезімі суреттелген шумақты оқы
3. Үлкендер бұл түсті қалай жорыр еді?
4. Түс жору туралы естігендерің бар ма?
Сергіту сәті: «Көңілді күн»
Мағлұмат беру
* Егер түске семіз сиыр енетін болса, онда арзаншылық болады.
* Егер түске арық сиыр енетін болса, онда қымбатшылық болады.
* Егер кісі түсінде балық ұстап немесе жеп жүрсе, өңінде байлыққа кенеледі
* Егер кісі түсінде сары түсті киім кисе, онда ол өз ісіне қарай өңінде
бірде жақсы,
бірде жаман жағдайда болады.
* Егер кісі түсінде жүзім жесе, онда оның өмірде бағы жанады.
Топпен жұмыс
«Түс» сөзінің мағынасын ашу
Суреттермен жұмыс
Табиғат суреттерін аналардың мінездеріне теңеу
V.
Сабақты бекіту
«Иә, жоқ» тұжырымдамасы
1.
Бүгінгі тақырыптың
авторы Сағи Жиенбаев
2.
«Ана»
сөзі ағылшын тілінде «fother» деп аударылады
3.
Анасы баласына ат
сыйлады.
4.
Өлең мазмұны ат
туралы.
5.
«Түс»
сөзі тек қана бір мағынаны білдіреді.
6.
Адамдар түсті тек
қана күндіз көреді.
7.
Сағи Жиенбаев 1994
жылы туды.
8.
Аналарды ренжітуге
болады.
9.
Аналарға қарсы
сөздер айтуға болады
10.
Аналардың барлығы бірдей емес
VI.
Қорытынды
-
Бүгінгі тақырыптың
авторы кім?
-
«Түс» сөзі бір
мағынаны білдіре ме?
-
Не түсініксіз?
-
Бүгінгі сабақ
сендерге ұнады ма?
Стикерлер жабыстыру
VII.
Бағалау.
VIII. Үйге тапсырма: 62 – 63 бет жаттау
«5 жолды өлең» құрастыру