Ортақ тақырып. Менің айналамда кімдер бар? ҰОҚ-нің тақырыбы: Қимыл- қозғалыс пен көңіл күйді жақсартамыз |
Мектеп/Мұ: «Капитоновка ОМ» КММ | ||||
Күні: 13.11.2017 |
Педагогтің аты-жөні: Курмахан М. | ||||
Сынып/ 0 «А» |
Қатысқан балалар саны: 3 |
Қатыспаған балалар саны: 0 | |||
ҰОҚ-нің оқытылу мақсаты: |
0.1.1.1. Заттармен және заттарсыз жалпы дамытушы жаттығуларды орындау. 0.2.1.4. Секірудің алуан түрлерін орындау, тепе-теңдікті сақтай отырып өзгермелі жағдайларда секіру. 0.2.1.7. Допты домалату, лақтыру және қағып алу, допты жерге оң қолмен және сол қолмен ұру, екі қолымен басынан асыра лақтыру және бір қолмен кедергіден лақтыру. | ||||
Күтілетін нәтиже |
Барлық балалар: | ||||
Шығармашылық үлгісін көрсету. Қозғалыс кеңістігінде жұппен қауіпсіз жұмыс жүргізу. Зал кеңістігінде бағдарлау. Бір қолмен жерге доп соғу | |||||
Көпшілік балалар: | |||||
Өзара қашықтықты сақтап, деңгейді алмастыру (жоғары, ортаңғы, төмен). Түрлі деңгейлерде қос аяқтап секіру. Жанымен қимылдар орындау | |||||
Кейбір балалар: | |||||
Бұлшық еттерді жұмыс істету. | |||||
Тілдік мақсат |
Балалар доппен жаттығу жасау кезінде дене мен нысананы бақылау дағдысын; қозғалыс кезіндегі белсенді бұлшық еттер мен дене мүшелері туралы білімін көрсете алады. | ||||
Пәндік лексика және терминология: | |||||
Шығармашылық, бастапқы қалып, жанымен қозғалу, эмоция, көңіл күй, доп | |||||
Талқылауға арналған сұрақтар: | |||||
Жабырқаңқы көңіл күйді қандай белгілерге қарап білеміз? Секіру кезінде қай дене мүшелері көмектеседі? Допты соққан кезде қай дене мүшелері қатысады? | |||||
Неге екенін айта аласыңдар ма…? | |||||
Неліктен көңіл күйді жақсартуға доп немесе шар пайдаланады? Достарыңның көңіл күйін қалай көтеруге болатынын айта аласыңдар ма? | |||||
Алдыңғы оқу |
Жануардың атауына сәйкес келетін қозғалыс. Еркін бағытта екі табан ортасына доп қысып жүру. Еркін бағытта екі тізе арасына доп қысып секіру | ||||
Жоспар | |||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар | |||
Қызығушылық ояту 0–3 минут |
(Ұ, ПК ) Балаларға көңілсіз болу себептерін атау ұсынылады. Доппен ойнау арқылы көңіл күйді жақсарту ұсынылады. «Шеңбер құрып тұрамыз, Достарымыз бәріміз. Солға адымдап жүреміз, Оңға адымдап жүреміз, Шыр көбелек айнала Ортада сап түземіз. Шаттанамыз, күлеміз, Жалқаулықты тастайық, Ойынды қайта бастайық!» – тақпаққа сәйкес қозғалу. |
Кең, бос кеңістік
Музыка | |||
Негізгі бөлім 4–12
13–27 |
Таспамен орындалатын ЖДЖ (Ұ, Ө) Мимикалық жаттығу Бұл жаттығуды орындау кезінде 6–8 секундтан теріге батырмай, саусақ ұшымен сипалау қажеттігі ескеріледі. Мұнда Өкпелегіш тұрады. Бала бұртиып, саусағын түйілген екі қастың ортасына апарады. Мұнда Келемеж тұрады. «Буратино» жаттығуы, бала тілін шығарады. Мұнда Күлегеш тұрады. Бала сұқ саусағын екі ұртына апарып жымияды. Мұнда Қорқытқыш тұрады. Бала көзін бақырайтып, аузын ашып, қолын созып, саусақтарын бүгеді. Бұл Бибка деген мұрын! Саусақпен мұрын ұшын басады. Ал неге күлмейсіңдер? Балалар педагогтің сұрағына күлкімен жауап береді. Мұнда Өкпелегіш тұрады. Қастың екі арасына массаж жасалады. Мұнда Келемеж тұрады. Мұрынның екі жағындағы нүктелерді уқалайды. Мұнда Күлегеш тұрады. Төменгі жақ, ерін және иектегі ортаңғы бет сызықтарына массаж жасалады. Мұнда Қорқытқыш тұрады. Ауызды кең ашып, тілді барынша шығарып, құлақтың төменгі ұшын төмен қарай тартады. Мынау Бибка деген мұрын! Сұқ саусақтың ұштарын кезек- кезек мұрынның ұшына тигізу. Ал неге күлмейсіңдер? Екі ұрттағы нүктелерді сұқ саусақпен уқалау. (Ұ, ПК) қолына доп ұстап жанымен жүру – қолға доп ұстап бір жанымен адымдай жүру, содан кейін артымен бұрылып доп алып кері жүру, содан кейін қайта бері бұрылу. Барлық дене мүшелеріне күш түсіруге назар аудару – шыныққан бұлшық еттер фигураның барынша айқын кескінін көрсетеді. (Ұ, ПК) Аралығы 1 метр қашықтықта бір қатарға орналасты-рылған кедергі заттар арасымен оң және сол қолмен доп домалату. Нұсқау – саусақтарға қатты күш салмай допты итеру. «Жылдам доп» қимыл ойыны Оң және сол қолмен кезекпен допты жерге соғу. Нұқсау – доптың үстінен саусақтарды жаза отырып алақанмен жеңіл соғу. «Қызыл ала, сары доп Секіресің шаршамай. Жиі-жиі ойнақтап, Қайта жерге түсесің. Тарс-тарс етіп тағы да Секіресің биікке. Жете алмайсың бірақ та, Бәрібір қолға түсесің! |
Бала санына қарай доп.
Гимнастикалық төсеніштер.
Бағанаға кедергі зат – 5 дана. | |||
Қорытынды бөлім 28–30 |
«Жақсы-жаман» мінез-құлық ұстанымын қалыптастыру. Ұжымның бір мүшесінің жабырқау көңіл күйі басқаларының көңіл күйіне кері ықпал ететінін еске салады |
||||