Ортақ тақырып. Менің айналамда кімдер бар? ҰОҚ-нің тақырыбы: Досыңды сенімді қимылдауға үйрет |
Мектеп/Мұ: «Капитоновка ОМ» КММ | ||||
Күні: 07.11.2017 |
Педагогтің аты-жөні: Курмахан М. | ||||
Сынып/ 0 «А» |
Қатысқан балалар саны: 3 |
Қатыспаған балалар саны: 0 | |||
ҰОҚ-нің оқытылу мақсаты: |
0.1.2.1. Организмнің шынығуы мен төзімділігін нығайту үшін түрлі жүктеме-лерді біртіндеп арттыра отырып дене жаттығуларын орындау. 0.2.1.4. Секірудің алуан түрлерін орындау, тепе-теңдікті сақтай отырып өзгермелі жағдайлардағы секірулер. 0.2.1.5. Өрмелеу, өрмелеп шығу, астымен еңбектеу, еңбектеп өту түрлерін орындау. 0.3.2.1. Түрлі спорттық ҰОҚ-тарға қажетті ресурстарды анықтау және оларды техника қауіпсіздігін ескере отырып қолдану. | ||||
Күтілетін нәтиже |
Барлық балалар: | ||||
Бағытты өзгерте отырып жүгіру, түзету жаттығулары. Қозғалыс кеңістігінде жұппен қауіпсіз жұмыс жүргізу. Зал кеңістігінде бағдарлау. Тізбекпен нық қадам аттап жүру және зал ортасына шеңбер құрып тұру. | |||||
Көпшілік балалар: | |||||
Ептілікті нығайту үшін шеңбер пайдалану. Еркін түрде секіртпе жіппен секіру. Жұптасып саусақ ұштарын теңестіру. Аяққа массаж жасау. | |||||
Кейбір балалар: | |||||
Жұптасып өрмелеу кезінде аяқ пен қолдың қозғалысын үйлестіру. Секіртпемен секіру кезінде білек қозғалысы (айналмалы) мен аяқ қозғалысын (тік) үйлестіру. | |||||
Тілдік мақсат |
Балалар кеңістікті бөлу дағдысын көрсете алады – ортақ кеңістікті пайда- лану үшін жұптасып бірге әрекет ете білу; өз қимыл-қозғалысын жетілдіру үшін іс-әрекетті, қозғалыс динамикасын бағалау. | ||||
Пәндік лексика және терминология: | |||||
Бастапқы қалып, ептілік, тепе-теңдік, зейін, жылдамдық, әріптестік, өзара іс-әрекет. | |||||
Талқылауға арналған сұрақтар: | |||||
Жұппен жаттығу жасауда ең қиыны, жеңілі қайсы болды? Аяқ ұшымен тұрғанда қалай тепе-теңдік сақтауға болады? Өз достарыңа қандай жат- тығуларды үйрете аласыңдар? | |||||
Неге екенін айта аласыңдар ма…? | |||||
Неліктен ептілікті дамытуға шеңбер пайдаланады? Аяқ ұшымен тұрғанда қалай тепе-теңдік сақтауға болады? Әріптестік, өзара іс-қимыл деген не екенін айта аласыңдар ма? Қандай тапсырмалар өзіңе с енімді болуға көмектеседі? Өзіне сенімді адам мен өзіне сенбейтін адамның қандай айырмашылықтары болады? | |||||
Алдыңғы оқу |
Гимнастикалық сатымен өрмелеу. Қысқа секіртпе жіппен секіру. Шапалақтағаннан кейін доп лақтыру және қос қолдап ұстау. Кедергі заттар арасымен фитбол домалату. Тепе-теңдік – алға адымдай отырып бір аяқпен секіру, екінші аяқпен құм толтырылған қапшықты итере отырып алға жылжу – арақашықтық 3 метр. | ||||
Жоспар | |||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар | |||
Қызығушылық ояту 0–3 минут |
(Ұ, ПК ) Балаларға өзіне сенімді болуды бір-бірінен үйрену ұсынылады. «Тез шеңберге тұр» Бір-бірінің артын а бірден тізбекке тұрып жүру, бағытты өзгертіп жүгіру, түзету жаттығуларын орындау. «Тез шеңберге тұр!» деген бұйрық бойынша қол ұстасып залдың ортасына дөңгелене тұрады. |
Кең, бос кеңістік
| |||
Негізгі бөлім 4–12
13–27 |
(Ж) Жұптасып жалпы дамыту жаттығуларын орындау.
(Т, Ж) Гимнастикалық сатымен өрмелеу – қол мен аяқты үйлестіре қимылдатуға назар аударылады (алма-кезек қадам). Қауіпсіздік техникасын ескертеді: қимыл-қозғалысты бірқалыпты, асықпай орындау; тақтайшалардан аттап кетпеу, сатыдан секірмеу. Сақтық шараларына көңіл бөлінеді.
(Т, Ж) Қысқа секіртпелер арқылы еркін секіру Секіртпе табан астына келгенде секіру керектігін ескертеді. Қауіпсіздік техникасы – балалар бір-бірінен айтарлықтай қашықтықта тұрғанына көз жеткізіңіз. «Жұптасып тепе-теңдік сақтау»
(Ж) Спортзалда түрлі қозғалыс тәсілдерін қолдана отырып музыка үнімен жүреді; музыка аяқталғанда балалар тез жұбын тауып, барынша бойын созып аяқтың ұшымен тұрады. Нұсқау – іш бұлшық еттерін тартып, алға көз тастау, аяқты тік жазып аяқтың ең ұшына тұруға тырысу. (Ұ, ПК ) Аяққа массаж жасау Б.қ. – малдас құрып отыру 1) Балалар сол жақ табанын өзіне қарай тартып, башпайларын уқалайды, олардың арасын сипалап, башпайларды бүгеді. Өкшеге саусақты қатты батырып, табанды ысқылайды, башпайларды, өкшені, табанның дөңес жерін шымшылап, шапалақтап ұрғылайды. Табанды айналдырады, аяқ ұшы мен өкшені алға созады, содан кейін табанды алақанмен шапалақтайды. Оң аяққа да осылай массаж жасайды. 2) Балтыр мен бөксені сипалайды, шымшылайды, қатты ысқылайды, ойша аяққа ұзын шұлық «кигізіп», оны қайта «шешіп тастап» қолды сілкілейді. Мақсаты: аяқта орналасқан биологиялық белсенді нүктелерге әсер ету. |
Диаметрі – 50 см шеңберлер. Гимнастикалық қабырға.
Қысқа секіртпе- лер.
«Баста-тоқта!» белгісі ретінде пайдалануға ар- налған музыка. | |||
Қорытынды бөлім 28–30 |
Балаларға өз жетістіктері туралы айтып беруді ұсынады. Өз іс-қимылын үйлестіре алмаған жұптардың олқылықтарын талдайды. |
||||