«Ақмола облысы білім басқармасының  Бұланды ауданы білім бөлімі Капитоновка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Капитоновка отдела образования по  Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

біз әлеуметтік желілерде

Сенім телефоны

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

компьютер қалай пайда болды?

19.03.2020

САБАҚ:  

Мектеп:

Күні:

     

Мұғалім:

Сынып: 5 «Б»

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

 Бөлім тақырыбы

Компьютер қалай  пайда болды?

 Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: шағын көлемді мәтін, жоспар
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:
танымал, атақты, неізін қалаушы, өзгертті, даму, заманауи, дүниежүзі, құмарлық, ойлау қабілеті

Пәнаралық байланыс:

информатика

Ұлттық құндылықтар

 Өзіңе және қоршаған ортаға деген сыйластық: әлеуметтік бейімделу мен салауатты өмір салтын меңзейді. Өз мәдениеті мен тіліне деген құрметпен қатар өзге мәдениет пен тіл, құқ, әдеп және көзқарастарға деген құрмет сезімін білдіреді.

Мектеп құндылықтары

Өзіңе және қоршаған ортаға деген сыйластық; оқушылардың өз бетімен білім алуына қажетті дағдыларды қалыптастыру.

Осыған дейін меңгерілген білім

5.Т1 Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау.
5.А4.Шағын көлемді  мәтіндердің мазмұнына жоспар құру,  соған сүйеніп баяндау.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөз
дер

Сабақтың басы
     6 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      6 минут

 

 

 

      

 

      1 минут









       6 минут







 

 


        3  минут

Ұйымдастыру.
Оқушыларды түгендеу.
Сабаққа болжам жасау
Сынып қабырғаларында мақалдар жабыстырылып тұрады. Оқушылар сыныпты айналып жүріп, өздеріне ұнаған мақал қасына барады.  Мақалдағы тірек сөздер анықталып, содан соң мақал мағынасы ашылады. Сабақтың белгілі бір өнерге қатыстылығы анықталады.
 Өнерлі өрде озар,

Өнерсіз жігіт жер соғар.

Өнерліге өлім жоқ.

Шаштараз сақал түзетер,
Өнерпаз шаһар түзетер.

 

Өнерліге есік ашық
Кері байланыс
-
мақалдағы тірек сөздерді анықтайды
- мақал мағынасын ашады
Сұрақтар:
- Жоспар деген не?
- Жоспарды не  үшін құрамыз?
- Сіздер жоспар құрасыздар ма?
- Қарапайым жоспарды қалай түсінеміз?
- Жоспар деген сөзге топтастыру жасаңыздар (тақтада орындалады)
Кері байланыс
-
оқушылардың жоспар туралы білетіндері сараланады;
- сұрақтардың сабақ мақсатына қатыстылығы анықталады.
Топқа бөлу
Оқушылар суреттер суыру арқылы екі топқа бөлінеді.
        

Суырған суреттері бойынша ойларын айтады. Өнердің қай түрі сабақта талқыланатынын болжайды
Оқушылар сөздер мен сөз тіркестерінің баламаларын  түсіндірме сөздікке қарап жазады.

танымал

 

атақты

 

негізін қалаушы

 

өзгерту

 

даму

 

заманауи

 

дүниежүзі

 

ойлау қабілеті

 

Осы сөздерді қолданып, төменде  көрсетілген суреттер бойынша өз ойларын айту керек. (тапсырма слайдпен көрсетіледі) Бұл атақты адамдарда белгілі бір жоспар болды ма, қалай ойлайсыңдар?

                    

 

Сабақтың ортасы

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында интерактивті тақтадан компьютер, ғаламтор әлеміне қатысты дайындаған слайдтарды көрсетеді, «компьютер» сөзіне ассоциаграмма  құрғызады.

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстыра-

ды, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

2. Мәтіналды жұмыс.

А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 1, 3-тапсырманы  орындатады.

Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатады.

3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мә- нерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады.

Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 5, 7-тапсырманы орындатады.

Б) Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтан- дыру үшін 6-тапсырманы  орындатады.

В) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру  үшін  8,10-тапсырманы орындатады.

Кері байланыс
-
сөздер мен сөз тіркестерінің баламаларын айтады
- сурет бойынша өз пікірін білдіреді

Тапсырма

1) «Араласып кеткен оқиғалар» стратегиясы бойынша жұмыс істеу. Екі топқа екі түрлі шағындау мәтін таңдап алынады. Мәтін бір бет қағазға жазылады, бөлімдер бойынша бірнеше бөлікке бөлінеді. Ол бөліктер партаның бетіне орындары ауыстырылып, араластырылып, жайылып қойылады. 
Оқушылар осы мәтіннің бөліктерін оқып, мазмұнына қарай тауып құрастырады. Әр топқа құраған мәтіннің мазмұнын айтады. Бірінші топ мазмұндағанда келесі топ мұқият тыңдайды. Себебі бірінші топ мәтін бойынша тірек сөздер ұсынғанда, келесі топ сол тірек сөз бойынша дерек, мәлімет айту керек.

Тірек сөздер

Дерек/мәлімет

 

 

 

 

 

 

 

Билл Гейтс — қазіргі заман бизнесінің әлем мойындаған бірегей феномені мен техномагнаты. Нарықты бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы көшбасшы атанған ең бай тұлға. Билл Гейтстің ұлы идеясы: «Әр үстелде және әр үйде — компьютер». Біле білсеңіздер  экран, клавиатура осыдан жиырмы жыл бұрын ғылыми қиял болған. Ерте кезден-ақ Гейтс компьютердің индустриялы жетістігі үшін ең бастысы — стандарттар жасау керектігін түсінді. Ол осыны ең бірінші жасап шыққандар ғана, бүкіл компьютерлік өнеркәсіпте билікке жететінін де ұғынды. 

Гейтс он екі жасынан бастап компьютерге деген ерекше құлшыныспен қарады. Колледжде оқып жүргенде өзінің кейінгі әріптесі Пол Аленмен әр түрлі бағдарламалық жобаларға көптеп қатысты. Кейін ол Алленмен Microsoft компаниясын құрады.

 

1975 жылы студент кезінде ол Аленмен бірігіп, компьютер тілдерінің бірі — BASIC нұсқасын жасады. Алғашында екі адамнан құралған ұжымда қазір қырық сегіз мыңнан астам адам жұмыс істейді және 25 миллиард доллардан астам таза кірістері бар.
 

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды,  қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.

Айтылым.

Ақпараттық технологиялардың қолданылатын орындары туралы  айтады,

«Егер компьютер болмаса»тақырыбында пікір алмасады, полилог құрады.

Жазылым.  Диаграмма толтырады.

Тыңдалым.

Оқылым. Тыңдайды, мәтінді дұрыс оқуға машықтанады.

Жазылым. Сөздердің аудармасын дәптеріне жазады, мәтін мазмұны бойынша жоспар құрып жазады, тірек сөздерді анықтайды.

Оқылым. Сөйлемдерді толықтырып оқиды.

Айтылым. Мәтін мазмұнын қысқаша айтады, «Аквариум» тәсілі бойынша жағдаяттық  тапсырманы орындайды.

Қалыптастырушы бағалау. Топтар бір-бірін бағалайды. Кестеде түрлі түсті қарындашпен күлтешені бояп, өз ойларын білдіреді.

Жасыл - жақсы түсінді, оқу мақсатын орындай алды;
сары - әлі де дамытуы керек;
қызыл -  мүлде түсініксіз

 

Бағалау критерийлері

 

 

1

Шағын көлемді мәтін мазмұнына жоспар құра алады
 

 

2

Жоспарға сай ойын баяндай алады
 

 

 

http://blogtime.kz/ERNUR/bill-geytstyn-10-syry.html

 

https://www.zharar.com/kz/3595-milliarder.html

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы        Рефлексия
   5 минут

 

 

 

Оқулықтағы  12-тапсырманы орындатады.

Тапсырманың шартын орындайды.

Топтық жұмыс. «Броундық қозғалыс» әдісі. Оқушыларға мәтін құрау үшін «Компьютердің қызметі» деген тақырып береді.

Аталған тақырыпқа қатысты сыныпты аралап ақпарат жинайды. Басқалар мен ой бөліседі. Мәтін құрайды.

 

Сабақтың соңында оқушылар:

Үйренгендері туралы ойланады

1. Не үйрендік?

2. Не оңай болды?

3. Не қиын болды?
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 1434


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст