«Ақмола облысы білім басқармасының  Бұланды ауданы білім бөлімі Капитоновка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Капитоновка отдела образования по  Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

біз әлеуметтік желілерде

Сенім телефоны

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңартылған бағдарламаның өзекті

28.02.2018

«Капитоновка орта

мектебі»КММ

 

 

 

 

 

«Жаңартылған білім беру

 бағдарламасының өзектілігі»

 

 

 

 

 

                                                       Уразбекова

Ақмарал Болатқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                          Капитоновка ауылы

   Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Біз осы заманғы білім беру жүйесісіз, әрі алысты

барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық

экономика құра алмаймыз»- деп атап көрсеткендей, осы заманғы ұстаз – болашаққа

заман ағысымен ілгерілеген озық тұлға. Мұғалімге осындай көзқараспен қарау,

оның алдына қойылар талапты да айқындайды.

Кез - келген адам алдына қойған мақсатына ерік -

жігерін аямай еңбек ету арқылы, осы жолда өзін - өзі бар қырынан жетілдіру

арқылы жетеді.Әр оқушыны дара тұлға деп танып, олардың бойына үнемі

оқып үйренсем деген ізденімпаздық қасиет дарыту, оларға өздігінен білімдерін

толықтырып тереңдету тәсілдерін жаңа технологиялармен, әдіс тәсілдермен

байланыстыра отырып дамыту

 Қазіргі кезеңдігі оқытудың негізгі

мақсаты –

болашақ мамандығына байланысты әрбір балаға тереңірек білім беру, білімді

өзгермелі өмір жағдайларына пайдалана білу дағдысын қалыптастыру. Сондықтан

қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік экономикалық өзгермелі

жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға

игі ықпал ететін жеке тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар:

шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, жоғары интеллектілік, терең

білімділік, кәсіби сауаттылық.

Қоғамның өзгеруімен

байланысты білім беру әдістері де білім көлемі де үнемі өзгеріп отырады. Ол

білім  беру заңдылықтарына байланысты

өзгеріп дамып отырады. Біз ұстаздар қауымы қандай болмасын жаңалыққа құлақ түре

жүретініміз айқын. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да

жолға қоярымыз анық.

 Оқушыға қалай оқу керектігін үйрету,

соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел - уәждерін нанымды жеткізе білетін,

ынталы, сенімді, сыни ойлай алатын, пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, сандық

технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру.

 Бастауыш

сынып пәндеріне  арналған оқу

бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан 

шынайы  проблемаларды  анықтап 

зерттей  білуді  талап 

етеді. Негізінен жаңартылған білім 

жүйесі  құзыреттілікке және сапаға

бағытталған бағдарлама.  Жаңартылған

білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді  қолайлы білім беру ортасын құра отырып  сын 

тұрғысынан ойлау, зерттеу 

жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті  қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен,

топта  жұмыс жасай білу. Жаңа білім беру

бағдарламасы сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты  қолдана білуді  және оны тиімді жүзеге асыру үшін  қажетті 

тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен 

оқу, модельдеу, бағалау  жүйесі,

бағалаудың тиімді стратегиялары) үйретеді. [1] Жаңартылған  білім беру бағдарламасының  ерекшелігі спиральді қағидатпен  берілуі. [2] Оған оқу мақсаттарын зерделей

отыра тапсырмаларды. ықшам сабақтарды құрастыру барысында көз  жеткіздік.

      Бағалау

жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды

бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі 

алдын ала белгіленген 

критерийлердің нақты  жиынтығымен

өлшенеді. Критериялық бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция,

Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады. [3] Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы,

баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады.

Қалыптастырушы  бағалау  күнделікті 

оқыту мен оқу үдерісінің  ажырамас

бөлігі  болып табылады және тоқсан

бойы  жүйелі түрде өткізіледі.

Қалыптастырушы бағалау  үздіксіз  жүргізіле отырып, оқушылар мен  мұғалім арасындағы  кері 

байланысты қамтамасыз  етеді және

балл  не баға қоймастан  оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік

береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасынның бөлімдерін (ортақ

тақырыптарын  және белгілі бір оқу кезеңін

(тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған 

оқушының үлгерімі  туралы ақпарат

алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау

және жиынтық бағалау барлық  пәндер

бойынша қолданылады. 

     Бүгінгі күні

барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі

заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен

анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс.

Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой –өрісі кең, саналы, еркін

азамат етіп тәрбиелеу  қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. 

Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің  жалпы

білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы  көңілді қуантады.  

       Қорыта

айтқанда, жаңа бағдарламаның мәні, баланың функционалдық сауаттылығын

қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана

білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына

құрылған. Ұстаздарға

үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық

салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер

тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз

мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін  ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын

білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де

көп  Үнді халқының  тарихи 

тұлғасы Махатма  Гандидің  «Егер сен болашақтағы  өзгерісті 

байқағың келсе, сол  өзгерісті

уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті  жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп,

жақсы істі бастағалы отырмыз. Жаңартылған білім – болашақтың  кепілі. 

 

Просмотров: 761


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст